"Өлсең де жеңуге тиіссің": "Дикий" Арман қазақ боксшысының намысын қайрады (видео)
Сербия астанасы Белград қаласында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Атышулы “Дикий Арман” аталған додаға ат басын бұрды. Ол қазақстандық спортшыларға рух беріп, жігерлендіріп қойды.
“Дикий Арман” Сербия астанасы Белград қаласында спортшыларға қолдауға барды. Лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев қазақ боксшыларына қолдау көрсетті. Ол боксшы Асланбек Шымбергенов қолдау көрсетіп, жігерлендіругі тырысты.
“Мен арнайы сендер үшін келдім. Өзіңді көрсет. Соңына дейін жұдырықтас. Өлсең де намысты берме! Өлсең де жеңу керексіз. Чемпионсың ғой өйткені”, - деді Арман Жұмагелдиев.
Бұл сәт Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жек алдындағы сәті еді. Спортшы 71 келіге дейін салмақта жұдырықтасады.
Асланбек Шымбергенов 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта ирандық боксшы жарысты жалғастыра алмай, төрешілер шешімімен жеңіс Асланбекке берілді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының үшінші күнінде өнер көрсеткен Бек Нұрмағанбек 1/16 финалға өте алмады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
