Режиссер Оливер Стоун: Қазақстан – өте прогрессивті ел
Әлемге әйгілі режисер Оливер Стоун өзі продюсерлік еткен "Qazaq. Алтын адам тарихы" атты фильмінің таныстырылымында Қазақстан туралы ойын айтты.
Режиссерге "Сіз қарапайым америкалықтарға Қазақстанды қандай ел деп сипаттайтын едіңіз?" деген сұрақ қойылды.
Өз жауабында Оливер Стоун, Қазақстан – прогрессивті ел деп ағынан жарылды.
"Бәлкім, сізге Қазақстанды түсіну қиын болуы мүмкін, бірақ бұл әлемнің болашағы үшін өте маңызды мемлекет. Қазақстанда талантты адамдар жетерлік. Бұл – өте прогрессивті ел. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бүгінге дейін Қытайдан қалыспай, Қазақстан да өте жылдам дамып келеді. Бұл – басқаларына үлгі бола алатын ел", – деді режиссер.
Сөзінше, америкалықтар Қазақстанды өздеріне жақын тартады.
"АҚШ-тың сарапшылары Қазақстанды одақтас ретінде көргісі келеді. Алайда бұл бір шетінен Ресей мен Қытайға қарсы әрекет болып көрінуі де ғажап емес. Сондықтан Қазақстан осы үдерістердің бәрінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан барлық серіктестерімен достық қарым-қатынаста екенін көріп жүрміз. Біз бір-бірімізбен күресудің орнына климаттың өзгеруін жеңу үшін жұмыла жұмыс жасаумыз керек деп үнемі айтып жүремін. Себебі текетірестің арты жақсылыққа апармайды. Жалпы дипломатия құрылымын өзгерту керек", – деді Оливер Стоун.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
