Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиакос–Фиорентина: Айдын Қожахмет алдағы ойынға болжам жасады

Сарапшы Айдын Қожахметтің болжамынша алдағы ойын гректер үшін екі еселік жауапкершілікті талап етеді. Афина матч өтетін орын ретінде таңдалды. Ал финалистердің бірі көрші Пирей клубы болмақ.

Конференция лигасының финалы 

ОПАП Арена (Афина, Греция)

30 мамыр, Астана уақыты бойынша 0:00

"Олимпиакос"

Хосе Мендилибар – өз командасын еурокубок финалына шығара алған испандық маман. Көпшілік "Олимпиакосқа" плей-офф кезеңінде жетістікке жететініне онша сене бермеді. Дегенмен олар таң қалдыра да алатын. Сонымен қатар, Мендилибар жартылай финалда өзінің жерлесі Унаи Эмериді "Астон Вилласымен" бірге жеңген болатын.

Жаттықтырушы бұл жолы француздық Балкон мен Фадигаға, сондай-ақ израильдік Лейднерге сенім арта алмайды. Дегенмен туған жердегі ойын алаңы қандай да бір күш сыйлауы да мүмкін. Қалай болғанда да, оларда жанкүйерлер күші қамтамасыз етілген.

"Олимпиакостың" соңғы 5 матчы (3-1-1, 10-4)

Панатинаикос - Олимпиакос 2:2

Олимпиакос - АЕК 2:0

ПАОК - Олимпиакос 2:0

Олимпиакос - Астон Вилла 2:0

Астон Вилла - Олимпиакос 2:4

"Фиорентина"

Винченцо Итальяно флоренциялықтардың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін жариялады. Енді оның жеіспен немесе жеңіліспен кетуі тәлімгерлеріне байланысты. Бір сөзбен айтқанда, соңғы ойыны болмақ.

"Олимпиакосқа" жанкүйерлер қолдауы мықтырақ болуына қарамастан, "Фиорентина" кубокты қанжығасына байлауға және "Аталанта" жеңісін жалғастыруға үміті зор болып отыр. Оған қоса, құрамда шығын жоқ. Тек форвард Риккардо Соттили ғана жарақатқа байланысты ойнай алмайды. Бірақ мұны үлкен шығын деп атауға болмайды. 

"Фиорентинаның" соңғы 5 матчы

Кальяри - Фиорентина 2:3

Фиорентина - Наполи 2:2

Фиорентина - Монца 2:1

Брюгге - Фиорентина 1:1

Верона - Фиорентина 2:1

Жеке кездесулер тарихы 

Бұл клубтар бұрын бір-бірімен ойын алаңында кездесіп көрмеген. 

Мачтқа болжам

Сарапшының болжамынша екі команданың да бір-біріне гол соғуға қабілеті бар.

“Итальяндықтар жақсы шабуылға ие. Бірақ мықты қорғаныспен мақтана алмайды. Ал "Олимпиакос" жұртшылық қолдаған соң, жігерленіп тек алға басатыны анық. Сондықтан мен "иә - екі команда да гол соғады" деген ойдамын”, – деді Айдын Қожахмет.

Сарапшының айтуынша Parimatch-тағы достары бұл оқиғаға жақсы 1.89- коэффициентін ұсынуда.

Талқылау