Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада топ жарған ауыр атлеттер Алматыға келді (фото)

Рио олимпиадасында топжарған ауыр атлеттер Алматыға оралды. Бүгін таңда Нижат Рахимов бастаған жеңімпаздар Алматы әуежайына келіп қонды.

photo_67753

Фото: Роман Кушпелев

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Алтын жүлдені еншілеген Нижат Рахимов қуанышын жасыра алмады. Оны жанкүйерлермен бірге үш жылдан бері көрмеген әкесі де қарсы алды.

“Мен олимпиадаға өте ұзақ дайындалдым. Қиын болғанына қарамастан жеңімпаз атандым. Ал қазір әкемді көргенім үшін ерекше қуанып тұрмын. Біз соңғы рет үш жыл бұрын көріскенбіз. Риодағы жеңіс – тек менің ғана еңбегім емес. Әкеме, бапкерлеріме алғыс айтамын. Атырау облысы мен федерацияға да алғысымды айтамын”, – деді чемпион.

photo_67751

Бапкер Энвер Түркелеримен

Спортшы Токио олимпиадасына бару-бармауы туралы әлі ештеңе айта алмаймын деді. Ал Нижаттың әкесі Әли Рахимов ұлына әркез сенгенін және ұлын Қазақстанға жіберуі ешқандайда қателік болмағанын айтты.

“Мен қуаныштымын. Оның жеңетініне сендім. Міне онымен кездесу үшін Әзербайжаннан ұшып келдім. Сезімімді айтып жеткізу қиын. Мен Қазақстанға сендім және ол үмітім ақталды”, – деді әкесі Әли Рахимов.

photo_67752

Ал олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл болса, келесі олимпиада ойындарында алтын аламын деп отыр.

photo_67748

“Ата-анама алғыс айтамын. Солардың арқасында, міне енді қазақ қыздарының арасынан да ауыр атлетикадан олимпиада ойындарында жүлдегері бар. Барлығының менен жеңіс күткенін сездім. Енді Токиода алтын үшін таласамын”, – деді Жазира Жаппарқұл.

photo_67757

photo_67754

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Карина Горичева да қуанышын жасыра алмай, жүрекжарды лебізімен бөлісті.

photo_67755

Еске сала кетсек, Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Рио олимпиадасында жалпы бес жүлде еншіледі.

photo_67758

Нижат Рахимов (96 келі) – алтын, Жазира Жаппарқұл (69 келі) – күміс, Фархад Харки (62 келі) мен Карина Горичева (63 келі), сондай-ақ, Александр Зайчиков (105 келі) қола жүлде еншілеген болатын.

Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр. Данияр Елеусінов 64 келі салмақта Лондон олимпиадасына қатысып, жеңіліп қалған еді.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Күміс жүлдегерлердің арасында Әділбек Ниязымбетов екі олимпиада қатарынан (Лондон-2012. Рио-2016) тұрақты түрде екінші орын алып отыр. Ал Жазира Жаппарқұл бұған дейін тек 2010 жылы жасөспірімдер олимпиадасында ғана топ жарған.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Бұл спортшылардың арасында Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ, бұл қатарда 20 тамыз күні қола жүлде алған боксшы Иван Дычко (91 келі) мен әйелдер арасындағы бокс бәсекесінде оза шапқан Дариға Шәкімова да (75 келі) бар. Дариға Шәкімова қазақ қыздарының арасынан алғаш бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Иван Дычко бұған дейін Лондон олимпиадасында да осы салмақта қола жеңіп алған еді.

Талқылау