Олимпиада жүлдесін алған алғашқы қазақ қызы Шымкентте вице-президент қызметіне тағайындалды

Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетиңа федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице- президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады.
Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізу қажет екені айтылды..
Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Осылайша ол Олимпиада ойындарында жүлде алған тұңғыш қазақ қызы. Бұған қоса 2014-2015 әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген