Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Танатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Даңқты балуан бұл қызметке грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысында сайланды.
“Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Танатарұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз!” – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Ақжүрек Танатаров еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Дәл сол жылы Азия чемпионатында топ жарды.
Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға федерацияның жаңа басшысы пәтер кілтін табыстады
Спортшы 2018 жылы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

