Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жолдамасының иегерлері "Елорда кубогінде" сынға түседі

Бокстан Қазақстан құрамасының үздік боксшылары Астанада өтетін "Елорда кубогі" турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

13-18 мамыр күндері Астанада олимпиада ойындарының алдында боксшылардың бақтарын сынайтын "Елорда кубогі" турнирі өтеді. Бұл додаға олимпиада жолдамасының иегерлері мен ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. 9 елдің боксшыларынан бөлек әлем чемпиондары Теміртас Жүсіпов (48 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Дулат Бекбауов (63,5 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, Азия ойындарының қола жүлдегері Сағындық Тоғамбай және Азия ойындарының қатысушысы Ертуған Зейнуллинов бар. Боксшылар турнир қарсаңында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасына Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.

Талқылау