Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов әке атанбақ

Нариман ҚұрбановФото:Спортшының жеке парақшасынан

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет әке атанатынын жариялады.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жары – отандық гимнаст Аида Бауыржанова. Жас жұбайлар 2024 жылы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерген.


Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды


 

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сында ол 15.443 ұпай жинап, елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Осыдан кейін Нариман Құрбановқа спорттық гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстаған.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 27 Ақпан, 2026 13:46