Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін

Алдағы уақытта бокс жазғы Олимпиада ойындарынан алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бокс жоқ. Алайда бұл ақырғы шешім емес. 

"Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы кеңесі Халықаралық бокс ұйымы басқармасын асқан алаңдаушылықпен бақылайls", – делінген ХОК-тың IBA асшысы Умар Кремлевке жіберген хатында. 

Бокста үдемелі реформалардың жоқтығы мен IBA-ның ресейлік "Газпром" компаниясына тәуелділігі ХОК-тың алаңдаушылығын тудырып отыр. 



"Кешке кешке алған есептегі ақпаратқа сәйкес, IBA-ның әзірге өзге табыс көзі жоқ",  –  деп мәлімдеді комитеттің спорт директоры Кит Макконнелл.

Бұған дейін қаржылық қиындықтардың салдарынан ХОК IBA-ны Токио ойындарын ұйымдастыру және басқару ісінен шеттеткен болатын. Сондай-ақ бокс 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген. 
 

Талқылау