Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада дау-дамайы: "Алматы дарыны" орталығының басшылары қызметінен босатылды

Алматыда мектеп оқушылары олимпиадасының әділетсіз өткенін айтқан ата-ананың шағымынан соң "Алматы дарыны" орталығының басшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің қызым қалалық олимпиадада ағылшын тілінде жеңіске жетті. Бірақ бір күннен кейін оның жеңе алмағаны белгілі болды. Қызымның Қазақстан аумағында оқып, жұмыс істемеуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Кешіріңіздер!",- деп жазды Алматы қаласының тұрғыны Игорь Сабитов өзінің Facebook парақшасында. 

Алматылық ата-ананың шағымына қалалық білім басқармасының басшысы тікелей жауап берді. 

"Игорь Сабитовтың және қалалық олимпиадаға қатысты түскен басқа да өтініштерге сәйкес, қызметтік тергеу жүргізілді. Ол «Алматы дарыны» қалалық орталығы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауы фактілерін растады. Арнайы құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Алайда көптеген техникалық қателіктер болған. Осыған байланысты орталықтың басшысы мен орынбасары қызметінен босатылды", - деді басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева Facebook-те. 

 

Талқылау