Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Астанадан 3 бөлмелі пәтер сыйға берілдіФото:Stan.kz collage

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды.

Чемпионға 3 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанау бойынша қыздар арасынан ел намысын қорғаған сСофья Самоделкина 1 бөлмелі пәтердің сертификатымен марапаттады.

Айта кетейік, Софья Самоделкина Олимпиадада үздік он спортшының қатарына енген еді. Бұған қоса ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер табысталды.

Аталмыш сыйлықты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы берді.

Осыдан кейін Михаил Шайдоров ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

"Мені қолдаған баршаға рақмет! Осындай керемет сыйлықтар үшін шексіз ризамын. Бұл қолдау үшін шын жүректен алғыс. Мен үшін бұл өсуді жалғастыруға және еліміздің даңқын арттыруға үлкен мотивация. Барлығыңызға рақмет!", - деді Шайдоров.

Еске салсақ, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтаған. Дегенмен ол еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл қысқы Олимпиада ойындарынан ел қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде.

Бұған дейін 1994 жылғы Олимпиада ойындарында Владимир Смирнов алтын жүлде еншілеген.

 

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 03:11