Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбектің жары халықаралық доданың финалында сүрінді

Фото:Olympic.kz

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындары өтіп жатыр. Дзюдодан ел намысын қорғаған Мәди Амангелді аталмыш доданың финалында сүрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы бәсекенің 81 келі салмақта сынға түскен Мәди Амангелді ақтық сынға жолдама алған еді.

Отандасымыз шешуші белдесуінде түрік балуаны, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ведат Албайракпен күш сынасты.

Тартысқа толы белдесуде түркиялық Мәди Амангелдіден айласые асырып, иппон әдісімен жеңісті өз еншісіне жазды.

Нәтижесінде Мәди Амангелді күміс жүлдені місе тұтты.

Айта кетейік, Мәди Аменгелді Параолимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбектің жұбайы. Қос дзюдошы 2022 жылы шаңырақ көтерген. Ақмарал Науатбек 2024 жылы Париж Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа таққан. 

Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының жалауы көтерілді. Аталмыш додаға Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы ел намысын қорғауда.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 08:05
Талқылау