Олимпиада чемпион Елдос Сметовке ота жасалды

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде операция жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында. Биыл Сметов халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жүрген.
Алайда дәрігерлер операциядан кейін толық оңалту кезеңінен өту қажет екенін айтқан. Сондықтан спортшының жаттығу мен жарыстарға қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, спортшының балалары да ауруханада жатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оларға қызылша диагнозын қойған.
Айта кетейік, Сметов осы Париждегі төрткүл дүние көз тіккен додада топ жарғаннан бері әлі бірде-бір жарыстарға қатысқан жоқ.
Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпадасының ақтық сынында жергілікті балуан Луке Мхеидзені Франция Президенті Макронның алдында тізе бүктірген еді.
Осылайша ол Орта Азиядан шыққан дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.
Елдос Сметов өзі қатысқан үш Олимпиада олжалы қайтты. Оның қоржынында Олимпиада ойындарының толық жүлде қоры бар.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған