Олимпиада алдында қазақстандық спортшыларға 1,2 миллион теңгеден төленді

2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы 2028 қарсаңында қазақстандық спортшыларға Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясы бойынша алғашқы төлем аударылды. Бағдарлама аясында әр атлетке 2500 доллар (1,2 миллион теңге) көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әрбір спортшыға 2500 доллар (1,2 миллион теңге) көлемінде қаражат берілді. Аталған бағдарлама Олимпиадаға іріктеу кезеңі мен дайындық барысында спортшыларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақстандық атлеттердің стипендия иегерлері қатарына қосылуына Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бастамашы болды. ҰОК ұлттық федерациялармен және Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс жүргізіп, өтінім беру процесін толық үйлестірді.
Стипендия 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген жеке спорт түрлерінде бақ сынайтын спортшыларға беріледі. Іріктеу барысында үміткерлердің нәтижелері, Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі және жоғары нәтиже көрсету әлеуеті басты назарға алынды. Сонымен қатар допингке қатысты ереже бұзушылықтардың болмауы және Олимпиадалық хартия талаптарына қайшы келетін жайттардың жоқтығы маңызды талаптардың бірі болды.
Бөлінген қаражат оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, жеке дайындыққа, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ, тұру мен тамақтану шығындарын өтеуге жұмсалуы мүмкін. Қаржының жұмсалуы белгіленген тәртіпке сай тұрақты түрде есепке алынады.
"2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі басталды. Әрбір дайындық сатысының маңызы зор. Бұл стипендия спортшыларға жаттығу жоспарын жүйелі құрып, іріктеу жарыстарына тыңғылықты әзірленуге көмектеседі. Нәтижесінде олар көздеген көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады", - деп мәлімдеді ұлттық олимпиада комитеті.
Қазақстан атынан стипендия иегерлері атанған спортшылар:
- Аида Әбікеева (бокс)
- Сағындық Тоғамбай (бокс)
- Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)
- Әбиба Әбужақынова (дзюдо)
- Милад Карими (спорттық гимнастика)
- Руслан Курбанов (семсерлесу)
- Исхар Курбаев (грек-рим күресі)
- Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)
- Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)
- Мария Бровкова (ескек есу - байдарка/каное)
- Александра Ле (нысана көздеу)
- Ислам Сәтпаев (нысана көздеу)
- Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)
- Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
- Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)
- Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)
- Әсем Орынбай (стенд ату)
- Сергей Петрович (ауыр атлетика)
- Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)
- Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика)
Комитеттің стипендиялық бағдарламасы спортшыларға қосымша мүмкіндік беріп, олардың Олимпиадаға іріктеуден сәтті өтіп, жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасауға бағытталған.
- Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған Ербол Хамитовке Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
-
Спорт министрі Шайдоровтың жалақысын не себепті жария қылғанын түсіндірді
Еске салайық, бұған дейін ардагер спортшы сыйақысы үшін министрлікті сотқа беріп, жеңіп шыққанын жазған едік. Қазақстанда спорт ардагері халықаралық жарыстардағы жүлделері үшін тиесілі төлемді ала алмай, министрліктің бас тартуына қарсы сотқа жүгінді. Осылайша, сот оның талабын қанағаттандырып, Туризм және спорт министрлігін заңды сыйақыны төлеуге міндеттеді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған