“Олимп” компаниясының бұрынғы иесі Қазақстанда қайтыс болды деп танылды
Фото: moskvichmag.ru
Қазақстандағы басылымдар кәсіпкер Дмитрий Давыдовтың қазасы туралы мәлімдеді. Оның есімі елде "Олимп" букмекерлік компаниясы және даулы қылмыстық іспен байланыстырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2021 жылы Ресейдің әлеуметтік желілерінде “Ресейдің дамуына арналған 20 идея” атты ауқымды жарнамалық жоба тараған еді. Оны Филипп Киркоров, Николай Басков, Михаил Галустян сияқты шоу-бизнес жұлдыздары қолдады. Идеялар қарапайым ұсыныстардан (Мәскеуді әлемдік қаржы орталығына айналдыру) ерекше бастамаларға дейін (страус өсіру фермаларын құру, “Сочиді жаңа Лас-Вегасқа айналдыру”) өзгеріп отырды. Дегенмен жобаның авторы ұзақ уақыт құпия сақталған еді.
Журналистер анықтағандай, бастаманың артында қазақстандық кәсіпкер, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің үлескер иесі Дмитрий Давыдов тұрған. Қазақстанда ол 2020 жылдан бері қаржылық заңбұзушылықтарға байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болды. Кейін Ресейдің әділет министрлігі оны “шетел агенті” тізіміне енгізді.
Журналист Андрей Захаровтың айтуынша, 2023 жылдың күзінде Қазақстанда ресми түрде Давыдовтың қайтыс болғаны туралы куәлік берілген.
“Маған Давыдовтың кейінгі тағдыры қызық болды. Қазақстандық базалардағы деректерді тексергенімде, 2023 жылдың қазан айының соңында оған өлім туралы ресми куәлік берілгенін көрдім”, – дейді ол.
Кәсіпкердің жақын таныстары да бұл ақпаратты растаған. Олар Давыдовтың көлеңкеде өмір сүріп жатқанын дәлелдейтін ешқандай белгі жоқ екенін айтады. Дегенмен кейбіреулер оның ауқатты адам ретінде өз өлімін қолдан ұйымдастыруы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.
"Олимп" ісі бойынша тергеу 2020 жылдан бері жүріп жатыр. Тергеу мәліметінше, 2014–2019 жылдары ұйымдасқан топ заңсыз құмар ойындарын жүргізіп, салық төлеуден жалтарған және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 86 миллиард теңгеден асқан. Іс фигуранттарының кейбірі халықаралық іздеуге жарияланып, кейін Германия мен Сербиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Қолданыстағы заң бойынша мұндай қылмыстар үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияға ұшып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалды
Қоқыс тастауға шығып, оралмаған: Алматыда із-түссіз жоғалған жасөспірім төрт аптадан кейін табылды
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың қазанында Lenovo компаниясының аймақтық директоры Ермек Жақыпжанов Алматы облысында өлтірілді. Оны кездесуге алдап шақырған екі адам соққыға жығып, шамамен 40 млн теңгесін тартып алып, қала сыртына апарып өлтірген. Бір күдікті сол кезде ұсталды, екіншісі халықаралық іздеуде болды. 2025 жылдың қаңтарында ол Әзірбайжанда қолға түсіп, Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазақстандық белсенді уақыт белдеуін қайтару үшін партия құрмақ: Ол зерттеу жүргізіп, қазіргі уақыттың халыққа зиян тигізіп жатқанын анықтады
