"Өліммен ойнау": Қазақстандық мектеп оқушыларының қауіпті ермегі видеоға түсіп қалды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Қарағанды облысында жүріп бара жатқан жүк көлігінің артына қауіпті түрде мінгесіп алған үш оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Теміртаудағы үш мектеп оқушысының жүріп бара жатқан "Газель" көлігіне жармасып мінген сәті түсірілген видео тарады. Олар барлық қауіпсіздік ережелерін елемеген. Бұл кадрлар желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, қала тұрғындарын алаңдатты.
Полиция жедел әрекет етіп, жасөспірімдердің жеке басын анықтады. Олар 10–11 жас шамасындағы мектеп оқушылары болып шықты. Балалар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Олармен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия түсіндіру жұмысын жүргізіп, балалар мектепішілік есепке алынады.
"Балалардың ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар тәртіп бұзушылар мектепішілік есепке қойылады. Полиция ата-аналарға тәрбие беру шараларын елемеудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Балаларға жолда ойнаудың қауіпті екенін түсіндіруді сұрайды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Оралда 15 жастағы жасөспірім автобуста бойжеткеннің бөксесін ұстап азғындық жасаған
-
Өскеменде жасөспірімдер 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан
Бейнежазбаның астындағы пікірлерде тағы бір алаңдатарлық оқиға сөз болды. Теміртау тұрғыны үш кішкентай баланы қағып кете жаздағанын жазған.
"Жасы шамамен алты-жетідегі балалар кенеттен көліктің алдына жүгіріп шықты. Қайта баяу келе жаттым, тоқтап үлгердім. Оларды қуып жетпек болдым, бірақ қашып кетті. Бұларға не болған? Қазір балалардың жаңа ойыны көлік астына секіру сияқты", – деп жазды ол.
"Біз де бала кезімізде бұзық болдық, бірақ ол кезде көлік аз еді. Қазір қозғалыс тығыз, қауіп көп. Бұл енді тентектік емес, өліммен ойнау”, “Неге алдымен видеоға түсіріп, желіге жүктейді. Сосын барып кінәліні іздей бастайды. Бәлкім, уақытында тоқтатып, түсіндіру керек шығар?" – деп жазды желі қолданушылары.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
