Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлімге алып келеді: Балалардың денсаулығына зиян келтіріп жатқан сусынға қатысты министрлік айтып берді

Ғаламторда балалардың өміріне қауіпті сусындар туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау минситрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хабарламада сусынды ішкен қыздың инфекциялық ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмғаны айтылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде баланың өлімі және балалардың денсаулығына зиян келтіретін тамақ өнімдерінің тізімі туралы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы уақытқа дейін Қазақстанда өнімдерден уланып, көз жұмған балалар тіркелмеген", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, бұл ақпарат бұрын, яғни 2019 жылы таратылған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, сәйкес емес өнімдер туралы ақпарат департаменттің ресми сайтындағы "Тиісті емес өнімдер тізімінде" орналастырылғанын еске салады.

Ержан Байтанаев қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр