Өлім қаупін екі есе азайтады: Ұлыбритания әлемде алғаш рет коронавирусқа қарсы дәріні мақұлдады
Ұлыбритания америкалық Merck және Ridgeback Biotherapeutics компаниялары әзірлеген COVID-19 препараты молнупиравирді мақұлдаған әлемдегі бірінші ел болды.
Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды реттеу агенттігі молнупиравирді симптомдар басталғаннан кейін бес күн ішінде немесе COVID-19 сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін мүмкіндігінше тезірек қолдануға рұқсат берді.
Дәрі Ұлыбританияда Lagevrio деп аталады. Өткен айда жүргізілген зерттеулер бұл дәрі коронавирустың ауыр әсері даму қаупі бар адамдар үшін өлім немесе ауруханаға жатқызу қаупін екі есе азайта алатынын көрсетті.
Ұлыбритания үкіметі мен елдің Ұлттық денсаулық сақтау қызметі науқастарды қалай емдеу керектігі туралы нұсқауларды уақытында беретінін хабарлады.
Өткен айда Ұлыбритания мен Merck 480 000 курс молнупиравир жеткізуге келісті. Компания жеке мәлімдемеде осы жылдың соңына дейін 10 миллион емдеу курсын және 2
022 жылы кемінде 20 миллион емдеу курсын жоспарлап отырғанын айтты. Merck әр елдің қаржылық мүмкіндіктерін ескеретін деңгейлік баға әдісін қабылдайтынын айтты.