Өлім ауызында жатқан адамдардың соңғы тілектері қалай орындалды (фото)
Соңғы рет демін алып, о дүниеге аттанар сәттің келерін әрбір адам біледі. Ал төмендегі топтамада адамдар өмірлерінің соңғы сәттерін өз қалауларын орындау арқылы өткеруге шешім қабылдаған жандар.
Бұл туралы Bored Panda хабарлайды.
Біз өмірдің ләззатын толыққанды сезінуді басты назарда ұстамай, жанымыз қалаған нәрсені орындамай да қалып жатамыз. Жақын адамдарымыздан да жылы сөзді аяп қалатын сәттер жетерлік. Мұның бәрін кейін істеуге уақыт мол секілді көрінеді.
Мына суреттер сіздің жүрегіңізді тербеп, ән нәрсені мейлінше өз уақытында орындап тастау керектігін ұғындырады.
Алты жасар Еленаның миынан қатерлік ісік табылған сәттен бастап ол жүздеген кішкентай қағаздарға жазба жаза бастайды. Ол кейін өзі өмірден кетсе де, осы қағаздарды ата-анасының оқығанын қалаған.
Мына қарт кісінің өлерінен бір апта бұрын немересі оған сүйікті сырасын алып келген.
Оның өлер алдындағы тілегі сүйікті досы – иті Оливерді көріп қалғысы келіпті.
Қаңғыбас ер адам өзінің қатерлік ісікке шалдыққанын және бірнеше апта ғана өмірі қалғанын біледі. Ол өзінің сүйікті иті Бейбиді бір жақсы адамның алып қалғанын қалапты.
Әйел ракпен 15 жыл бойы күрескен. Бұл оның күйеуімен бірге билеген соңғы биі болды.
Өлім аузында жатқан жеті жасар бала өзінің бүйрегін ауыр халдегі анасына беріп, өзі о дүниелік болған.
54 жастағы Марио өмірінің соңғы сәтінде Роттердам зообағындағы жирафпен қоштасуда. Ол жануарды тазалайтын қызметкер болған.
Тату шебері 12 жасар баланың тілегін орындап, оның денесін бояп берген.
Қатты ауруға шалдыққанын білген бес жастағы қыз өзінің сүйікті досына тұрмысқа шыққысы келіпті. Олар үшін арнайы балалар “үйлену тойын” ұйымдастырған.
Паркинсон ауруына шалдыққан әйел соңғы тілегін орындау үшін 87 жасында атқа мінді.
Оқи отырыңыз:
Австралиялық қыз эротикалық татуировка салдыру үшін 16 000 доллар құртты (фото)
Nike компаниясы тұңғыш рет спорттық хиджабтар шығарды (фото)
Жапониялық егде ерлі-зайыпты 37 жыл бойы бірдей киініп келе жатыр (фото)
Екі әжесін бағып отырған 5 жасар қыз жұрттың жүрегін елжіретті (фото)