Олигархтың әйелі "Қаңтар оқиғасы" қайталанбай тұрғанда қазақстандықтарды салық төлеуге шақырады
Фото: Іnstagram.com/zhannakan.kz
Қазақстандық олигарх Сергей Канның әйелі Жанна Кан “Қаңтар оқиғасы” қайталанады деп алаңдайды. Сол себепті қазақстандықтарға салық төлеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанна Кан халықтың салық төлеуге әлі үйренбегенін, мемлекетке бөтеннің мүлкі секілді қарайтынын айтты.
“Біз ақшаның қайда кетіп жатқанымызды түсінбейміз. Біраақ бұл табиғаттың заңы. Егер бермесек, ештеңе ала алмаймыз. Бұл экономиканың жағдайынан да, қаншалықты дамығанымыздан да көрінеді. Швейцарияға, Америкаға, Францияға қараңыздаршы, ол жақта ақшаның көп бөлігі, бәлкім жартысынан көбі салыққа кетеді. Бірақ адамдар бұған үйренеді, өйткені кейін бұл салықтар өздеріне қайтып келеді. Білесіздер ме, кез келген сәтте “Қаңтар оқиғасы” сияқты жағдай басталып кетуі мүмкін тұрақсыз мемлекетте өмір сүргеннен гөрі салық төлеген әлдеқайда дұрыс”, – деді Жанна Кан.
Сондай-ақ ол бұлай жалғаса берсе біреу кәсібіңді рейдерлік жолмен тартып алуы ықтимал екенін де ескертті.
“Көп жұмыс істеу керек: қаншалықты көп табыс тапсақ соншалықты шығындаламыз, көп төлесең – көп ақша келеді”, – деп кеңес берді ол.
Еске сала кетейік, олигарх Сергей Кан мен оның бизнес-серіктесі, олигарх Александр Клебанов әртүрлі схемаларға қатысты және Экибастұз ЖЭО-сы мен өзге де қалалардағы энергетикалық нысандардағы мәселелер үшін сынға қалды.
Жанна Қанның өзін де бұған дейін қарапайым азаматтардың шынайы мәселелерінен алшақ болғаны үшін сынаға ұшыраған еді. Әсіресе, қазақстандықтардың қымбат люкс тауарларға ұмтылатыны туралы айтқан пікірлері қоғамның наразылығын туғызған. “Бұл – таңғаларлық құбылыс, Luis Vuitton-нан бірдеңе сатып алу әрбір қазақстандықтың борышы секілді” деген седі ол.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
