Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олигархтардың жерін тексеріп жатырмыз": Депутат Бақытжан Базарбек өзіне қысым күшейгенін мәлімдеді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек баласының арбасын өртеу ісін өзіне жасалған қастандық деп есептейтінін айтты. Депутат мұны әлдекімдердің кәсіби қызметіне кедергі келтіру мақсатында жасап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дереккөз

Журналистер Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен өткен аптада баласының арбасын өртеу ісі жайлы сұрады.

"Камераларды қарадым. Кіреберіске кіріп, арбаны өртеп жіберген. Менің ойымша, бұл барып тұрған арандатушылық. Және мен мұны кәсіби қызметіме байланысты арандатушылық деп санаймын. Соңғы кездері менің тарапыма көптеген қоқаң-лоқы жасалып жүргенін байқап жүрмін”, - деді Бақытжан Базарбек. 

Базарбек  әзірге бұл жағдайдың "қай жақтан болып жатқанын білмейтінін" айтты. 

“Бұл менің республикалық жер комиссиясы басшысының орынбасары қызметін атқарған кезден басталады. Қазір біз "Жер аманаты" республикалық комиссиясымен бірлесіп, Forbs кітабына енген бірнеше олигархтың жерлерін тексеріп жатырмыз. Одан кейін Іле-Алатау саябағының жанында Новиков деген үлкен генералдың жері бар. Соның да жерін тексеруге алайық деп отырмыз. Сонымен қатар BI-Group жерлері де тексерілуде. Заң жобалары бар. Сондықтан, қай жақтан қауіп-қатер төніп жатқанын мен білмеймін. Айта алмаймын, бірақ өкінішке қарай біздің елді жай адам да, депутат та қорғалмаған - деді депутат. 

Бақытжан Базарбек полициядан көмек сұрап, қылмыстық кодекстің 373-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауын сұраған.
 

Талқылау