AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олигархтардың" рөлін ойнамайықшы: Дариға Бадықова қымбат той жасауды талап ететін қалыңдықтарға жауап берді

Дариға Бадықова жігіттен қымбат той жасауды талап ететін қыздарға өкпелі. Актриса өзін ақсүйек етіп көрсеткісі келетін бойжеткендерді сынға алды. 

Дариға Бадықова бұған дейін үйлену тойының қарапайым өткенін айтып, өз оқиғасымен бөліскен еді. Енді қымбат той мен көйлек талап ететін қыздарға сын айтты.

“Бүгін бір хат алдым. Бір қыз айтады, жақында тұрмысқа шығамын, бірақ көңілім толмай отыр дейді. Себебі тойымыз мен қалағандай болмайтын болып тұр, той жасайтын мейрамхана да ұнамай тұр. Ойымдағы той көйлекті кигім келеді, бірақ қымбат. Кішкене арзанын қарайсың-ау деп айтты” дейді. “Жігіттің жағдайы қалай?” десем, “Орташа” дейді. “Сіздің жағдайыңыз қалай десем, айлықтан айлық” дейді. Сіз сонда қандай той қалайсыз десем, “ашық аспан астында” дейді. Таңғалдым. Әлемде небір қызық бар. Қыздар кейде тым кетпейікші, өзіміздің табиғатымызды басқа әлем етіп көрсетпейікші. Олигарх, вип қазақтардың рөлін ойнамайық. Әр рөлдің аяғы болады. Артымызға бұрылып тұрып қарасақ, құмырсқа, жолыңды біл болады. Көбінде болашақ жарды қыздар таңдайды. Сол себептен ойланыңыз. Қазірден сондай ойда болсаңыз, уақыт өте жігіттің сағын сындырып төмендетіп тастайсыз. Тең – теңімен!” – деп жазды актриса. ⠀

Актриса тең – теңімен қосылғаны абзал дейді. Ал өз жағдайы жақсы болмай тұрып, жігіттен қымбат дүниелерді талап ету тіпті орынсыз дейді ол. 

Желідегі оқырмандары оның сөзін қостады. Қыздар жағы келіспеушілік танытты. 

“Дұрыс айтасыз. Қазірден әңгімесі мынау. Ертең үй болған соң жетіспеушілік деген болады. Сонда не істейді мына қыз. Қазір жас, ештеңемен шаруасы жоқ. Сол той үшін ұлдың ата-анасы несие алып, шашылып жатқанымен жұмысы жоқ”, “Қыздардың ойы басқаша! Романтика.... Бастысы, жігіттің адамгершілігі емес пе? Жоқ, қыздарға романтика керек, жігіттің бай болуын немесе байдың баласы болуын қалайды. Бәрі бірдей бай, байдың балалары бола алмайды ғой. Бастысы адамгершілігі тәрбиесі, мамандығы болса, қалғанын өздері болашақта жасауға болады емес пе? Қатты ойланамын қарапайым, жап-жақсы жігіттер бай болмағаны үшін кінәлі ме? Өмірлері алда, кім біледі, мүмкін, Алла ол жігіттерді де жетістікке жеткізер”.

“Қыздың кішігірім арманы орындалсын”, “Өте дұрыс айтасыз. Шамаға, жағдайға қарау керек. Той жасамай-ақ, сол қаражатқа басқа баспана немесе керек үлкен зат алған дұрыс”, “Қыздың ақ көйлек кигені, той жасағаны дұрыс”, “Ысырап етпей 30 адамға болса да той жасап, қуанышты атап өткен жөн”, “Талап ету керек, бірақ шамадан тыс кетпеу керек”, “Көрпеңе қарай сұрау керек”, “Кигісі келген көйлекті кисін, одан кейін бір көйлекті он жыл киіп жүретін әйелдер бар”, – деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр