Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлі күйінде табылған 10 жасар Ришат Харикоглуға қатысты жаңа дерек пайда болды

Полицейлер қайғылы оқиғада қылмыстық іс болған жоқ деп ұйғарған. Алайда, тергеу нәтижесінде бала мерт болған уақытты оның жалғыз болмағаны анықталды.

img_8115-25-06-17-08-53-1

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ришат 24 маусым күні жоғалып кетті. Ол туыстыранының үйінде болған. Полицейлер оны үш күн іздеп ақыры Тобыл өзенінен денесін  тапты.

10 жасар Ришат достарымен бірге өзенге түсуге барған. Ришат суға бата бастағанда оған бір досы көмектеспек болады, бірақ қолынан келмейді. Ришат суға батып кеткен соң қорқып қалған балалар оның киімін тығып, ешкімге айтпай қояды.

Балаларды ювеналды полиция есебіне қояды. Оларға одан өзге жаза қолданылмайды.

«Балалар өлімнің субъектісі емес. Оның үстіне бұл алдын ала ойластырылған адам өлімі емес. Сондықтан кәмілет жақсы толмаған балаларға жаза қолданылмайды», – дейді Қостанай қалалық прокуратурасының орынбасары Мұрат Оспанов.

Тағы да оқыңыз:

15 жастағы үнді баласы басын 180 градусқа бұра алады (видео)

Алматылық тұрғын өзін қаққан көліктің жүргізушісіне іздеу салады

Түрік жігіті үшін төбелескен қыздар жұрттың ашуын келтірді (видео)

Талқылау