Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлгендер тіріліп, айыппұл төлеуге мәжбүр": Қарағандыда 23 жыл бұрын көз жұмған тұрғынға өсімпұл жазған

Қарағандылық әйелге әкесінің жер салығы бойынша айыппұл қарызы туралы хабарлама келген. Бірақ ер адам 23 жыл бұрын көз жұмған. Оның үстіне, ол ешқашан пәтер иесі болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Салық қарыздары туралы хабарлама Антонина Тациеваны шошытқан. Онда әкесі Игорь Мотовтың жер салығы бойынша  өсімақы қарызы бар екені жазылған. Бірақ оның әкесі 1997 жылы Ресей Федерациясындағы Нижний Осколда көз жұмған.

"Салық басқармасында не болып жатыр?  Олар тірі адамдарға қажетті ақпаратты жібермейді, бірақ өлгендер тіріліп, айыппұл төлеуге мәжбүр болады!", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Антонина Тациева.

Мемлекеттік кірістер басқармасы салық бойынша қарыздар жоқ екенін мәлімдеді, бірақ содан бері төленбеген өсімақы қалған.

"Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан жаңартылған барлық мәліметтері автоматты түрде біздің мәліметтер базасына түседі. Жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша есепте тұрғанын және оның жергілікті салықтар бойынша берешегі бар екенін көріп, біздің басқарма хабарлама жібереді", - деді "Жеке тұлғалардың есептілігін қабылдау орталығы" бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Жангелдинова.

Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында Игорь Мотов әлі күнге дейін тірі деп жазылған. Мұны облыстық АХАТ бөліміндегілер Ресейден Қазақстанға деректер берілмеуімен түсіндірді. Қатені түзету үшін Антонина Ресейде берілген өлім туралы куәлікті АХАЖ-ға әкелуі керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр