Өлгендердің суретін жіберген: бұрынғы қазақстандық қалай ИМ "эмирі" атанып, істі болды
АҚШ билігі Қазақстаннан шыққан 43 жастағы Руслан Асаиновты ислам мемлекетінің террристік тобына қолдау көрсетті деп айыптады. Осы орайда оның Сирияда жүріп өзге азаматтарды қалай өз жағына тартпақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Reuters
Детектив Мартиннің айтуынша, 2013 жылдың 24 желтоқсанында Асаинов Кеннеди атындағы Нью-Йорк әуежайынан Түркияның Ататүрк атындағы әуежайына ұшып шығады. Сот құжаттарында бірнеше мәрте азаматтардың Түркияны Сирияға апаратын көпір ретінде пайдаланатыны жазылған.
Асаинов екі күн Стамбұл қонақ үйінде болып, кейін Сирияға өтті. Сол жерде ММ үздік мергені болып, «эмир» атағына дейін иеленген. Тергеу ақпараты бойынша, ол боевиктерге қару-жарақты қалай ұстау керектігін үйреткен. Сондай-ақ, экстремистік ұйымдардың оқу-жаттығу лагерін құруға атсалысқан.
Ол 2008 жылдан бері Сирияда жүріп Нью-Йорктегі бір танысымен хат алмаса бастаған. Танысы – ақшаға қажетті мәлімет беріп тұрған. Бірде Асаинов өзінің танысына үш өлген жауынгердің суретін жіберген. Олардың бірінің үстіндегі киімде ИМ-ға тиесілі екенін білдіретін араб жазуы болған.
«Біз бұл жерде өліп жатырмыз. Бұл соңғы шайқаста қаза тапқан жас жігіттер, достар» деп жазған Асаинов суреттің тұсына.
Хаттардың бірінде Асаинов қоқаң-лоқы көрсетсе, енді бірінде «Біз – жер бетіндегі ең қорқынышты террористік ұйымбыз» деп жазған. Сондай-ақ, автор төбесінде «дұшпандардың ұшағы» айналып жүргенін, осы шайқас алаңында жүріп қаза тапқысы келетінін жазған.
2014-2015 жылдары аралығында жазылған хаттарда Асаинов екінші азаматты Сирияға келіп, қатарларына қосылуға үгіттейді. Мұндағы мақсаты – азаматтың ағылшын тілін жетік меңгергенін пайдаланып, оны медиялық мақсаттарда пайдалану. Асаинов оны Сирияның жұмыс, тұрғын үй, тамақпен қамтамасыз етіп, ай сайын 50 доллар төлеп отыратынын айтады.
Кейін жалғыз емес, Сирияға отбасымен бірге келуге үгіттей бастайды. Ал 2015 жылдың наурыз айында Асаинов одан қажетті заттар сатып алу үшін 2 800 доллар сұрайды. Екінші тарап өз кезегінде ақшаны салып жібереді.
Арада бір ай өткен соң, Асаинов оған сатып алған қару-жарақтарының суретін жібереді. 2015 жылдың сәуір айында екінші тарап одан оның шайқастарға қатысып жүрген-жүрмегенін сұрайды. Асаинов өз кезегінде бір жылдан бері шайқасып жүргенін, дұшпандардың ұшақпен шабуылдап жатқаны қиын екенін айтады.
Апта соңында прокуратура соттан Асаиновты кепілмен босатпауды сұрады. Оған тұрақты адвокат әлі тағайындалған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін АҚШ билігінің Қазақстаннан шыққан 43 жастағы Руслан Асаиновты ислам мемлекетінің террористік тобына қолдау көрсетті деп айыптағаны туралы ақпарат тарады.
Аталған елдің әділет министрлігінің мәліметінше, Асаинов Сирияда ислам мемлекетінің жағында бес жыл бойы соғысқан. Кейін оны АҚШ одақтасы «Сирия демократиялық күштері» тұтқындап, америка билігіне тапсырған. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.