Атып өлтірген түлкісімен суретке түскен Төреғали Төрәлінің әрекетіне министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында өлген жануармен сурет жариялап, желі қолданушыларының сынына ұшырады. Бұл оқиғаға экология министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші суретті 25 желтоқсанда жариялаған. Суретте ол өлген жануардың мойнынан ұстап отырған. Ол аңшылық кезінде атып алған олжасы болуы мүмкін. 

Желі қолданушылары әншінің әрекетіне наразылық білдіріп, айыптады.

"Бұл күнә. Неге сіз жануарларды өлтірдіңіз?", "Неліктен сіз жануарды азаптадыңыз? Жауыз екенсіз. Бұл да тірі жаратылыс, Құдайдың жаратылысы", "Күнә емес пе бұл? Бай, жалқау адамдар. Бұл қасқырдың пірі қарғыс айтады", - деп жазды олар.

Экология министрлігі аталған фотоға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, түлкі жануарлардың аңшылық түріне жатады және егер оларды аулауға рұқсат болса, әрекет заңсыз деп саналмайды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес түлкі аулауға 1 қарашадан 15 ақпанға дейін рұқсат етіледі. Бірақ тиісті лицензияның болуы міндетті түрде. Алайда мұндай фотосуреттерді жариялау жануарларға қатысты зорлық-зомбылықты насихаттау болып саналады. Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция басқармасы істің мән-жайын анықтап жатыр. Полиция нәтижеге құқықтық баға береді", - деді экология министрлігі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әншінің Instagram парақшасыннан бұл суретті көру мүмкін емес.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр