Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлетін жағдайға жеттім": Шахизада бұрынғы күйеуімен ажырасуының себебін түсіндірді

Төртінші рет тұрмыс құрған Шахизада “Қыздар-ай” бағдарламасында үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қыз кезімде мен махаббатқа қатты сендім. Өмірдің бәрі махаббаттан тұрады деп ойладым. Оның ішінде әкеге деген махаббат. Мен әкемнің махаббатын ала алмаған қызбын. “Жасың келді, немерең бар, қоймайсың ба, ұялмайсың ба?” дейтіндер көп. Немеремнің де, баламның да өз өмірі бар. Менің өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Бірінші, екінші, үшінші күйеуімнің де әдемі сөздеріне алданып қалып отырмын. Оларды мен Аллаға тапсырдым”, – дейді өнер иесі.

Шахизада әкесіне деген реніші барын жасырмады.

“Әкем анама қол көтерген кездері әкеме қатты ренжідім. Мен әкемді кешірдім. Бірақ ол кісінің қателігі үшін мен Алладан кешірім сұраймын”, деді әнші.

Жанар Айжанованың: “Анаңның тағдырын қайталадың ба? Саған қол көтерді ме?” деген сұрағына ол: “Әрине, қол көтергендер бар. Сол үшін мен ажырасып кеттім. Таяқ жеп жатқанда, өлетін жағдайға жеткенде Алладан: “Керемет өмір болса мені сол өмірге алып баршы, болмаса мені мына өмірден алып кет” деп жалынып, жылаған кездерім болды. Баламның әкесімен айырылысқаннан кейін мен көтерілдім. Өнерде жоғарыладым, бала-шағаның қамы деп алға қарай жүрдім. Тіреуім, жалауым деген ер азаматымның сөздері мен іс әрекеті сәйкес келмегенде ішім ашыды.Тұрмысқа шығардың алдында ешқайсысы да сыр білдірмеді”, – деп жауап берді.

Шахизада төртінші рет тұрмыс құратын болып шешкенде баласы мен келінінің қалай қабылдағанын ашып айтты.

“Төртінші күйеуімді мен таңдаған жоқпын, ол мені таңдап отыр. Балам мен келінім маған ештеңе айта алмайды. Өйткені олар менің өмірімдегі қиыншылығымды, жылағанымды, қуанышымды, өскенімді көрді. Біз үлкендерше отырып сөйлесеміз, бір-бірімізге ақыл қосамыз. Оларда: “Анашым бақытты болса, біз де бақыттымыз” деген тілек”, – дейді әнші.

Талқылау