Неге айқайлаған жоқ: "Тальгода" зорланған келіншек бірінші рет журналистердің алдына шықты

"Тальго" пойызында зорланған келіншек оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олармен сыра ішкен жоқпын

Сыраға тойып алған екі жолсеріктің қорлығын көрген келіншек Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз конференциясында оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. Ғылым докторы пойызға әрең үлгергенін айтып, құдайдың өзі итеріп тұр деп өкінеді. Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын болған оқиғаны еске алған келіншек зорлықшылармен сыра ішпегенін, есеңгіреп қалғанын айтып берді.

"Неге айғайламадың? Неге бірінші жігіттен кейін тұрып кетпедің?" деп сұрады. Мен "есеңгіреп қалдым" дедім. Тергеушілер өздерің келісіп көңіл қосқансыңдар дегенге келтірді. Бірақ қайдағы көңіл қосқан? Жолсерік менің купемдегі жолаушыларды басқа орынға жіберіпті. Сөйтіп, дайындалған. Сот барысында "Мас болдыңыз ба?" деген де сұрақ қойылды. Мен "Мас болған жоқпын. Жолсерікпен бірге сыра ішпедім" дедім", - дейді келіншек.

Өзін зорлаған екі азаматтың 2,5 жылға ғана бас бостандығынан айрылғанын әділетсіздік деп санайтын келіншек, қылмыстың ауырлығын, адамға тигізер зиянын ескере отырып, зорлықшыларға қатаң жаза тағайындауды сұрайды.

"Қызмет бабын пайдаланып, мені зорлап тастаған әлгі екі қылмыскердің кесірінен екі жыл дерлік өмірім босқа кетті. Мен зардап шегуші ретінде сексуалдық зорлыққа қатысты заңды қатайтуды сұраймын. 2,5 жыл жаза әділ болды деп ойлайсыздар ма?" - дейді 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр