Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олардың өздері күнбағыс": Қырғызстан парламентінде туға қатысты дау шықты

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (парламентінің) депутаты Мирлан Самыкожо республиканың туын өзгерту туралы бастамаға қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет ашық дереккөзден

Заң шығарушы органның отырысында Мирлан Самықожо желілерде қырғызстандықтардың республика туын өзгертуге қарсылық білдіргенін айтты.

"Басқа іспен айналысайық. Туға тиіспейік. 30 жыл өмір сүрген мемлекет рәмізінде күн сәулесі бар. Жалынның белгілері анық. Оны өзгертсек, саптыаяққа айналады. Бұдан да маңызды істер тұрғанда тумен айналыссақ, халық кешірмейді", - деді депутат.

Мирлан Самықожа елдің мемлекеттік рәмізі қашан қабылданғанын және оның нені білдіретінін мінберден айтуға дайын екенін жеткізді.

Бұған жауап ретінде спикер Нұрланбек Шәкиев жақында ту авторларымен кездескенін түсіндірді.

"Олар мемлекеттік рәмізді енді танымай барамыз дейді. Оның бастапқы бейнесі қазіргідей емес. Түндіктің қалай тұрғанын қараңыздар. Қырғыз элементтерін жақсы білесіздер. Бәрі басқаша болып өзгеріп кетті. Біз оны тек бастапқыдағы қалпына қайта келтіргіміз келеді. Басқа ешқандай өзгеріс болмайды", - деді Шәкиев.

Алайда бұл жауапқа депутат Самықожоның көңілі толмады.

"Кім тудағы күн нұрын күнбағысқа теңесе, олардың өздері күнбағыс. Өзгенің айтқанын істеп, күн сәулесі түскен жердің көкегіне айналғандар солай айтады", – деді ренжіп. 

Талқылау