Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оларды ату керек": Желіде самокат мінгендер туралы айтқан Астана әкімі орынбасарының сөзі талқыға түсті

Астана мәслихатының депутаттары елорданың саябақтары мен скверлерінде төселген тас жол қоюдан бас тартуды ұсынды. Айтуларынша табиғи құм жол адамдардың жүріп жүгіруіне, әрі самокат тебетіндерге кедергі болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бүгін маслихат сессиясы барысында депутат Абзал Сағымбаев қалалық саябақтар мен скверлердегі жолдарды абаттандыру жөнінде ұсыныс жасады.

"Міне, бүкіл қала осы тас жолдарға толды! Орманды алқаптары мен серуендеуге арналған жолдары бар саябақтарда жолды табиғи түрде жасауға болады. Яғни, дренаж, мембрана жасап, үстіне топырақ төсеу керек. Сонда біраз қаражат үнемделеді. Өйткені қаламызда тас жол төсеуге үлкен сомада ақша кетеді" - деді депутат.

Сагымбаевтың айтуынша, мұндай жолдың бірден-бір артықшылығы — оған велосипедшілер мен самокат айдаушылар өте алмайды.

"Бұл жолдың артықшылығы неде? Оған жүргенде немесе жүгіргенде табан табиғи жерге басылады. Яғни, аяғыңа соққы тимейді, соққы жүктемесі жоқ. Екіншіден, велосипедшілер мен самокат айдаушылар бұл жолмен жүре алмайды. Яғни, онда тек жүгіріп немесе жүріп өтеді. Құммен жүре алмайтындықтан олар үшін бұл табиғи кедергі" - деп атап өтті депутат.



Сағымбаев бұл әдістің Еуропа, Жапония және Кореяда белсенді түрде қолданылатынын алға тартты.

Депутаттың ұсынысына Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов шынымен де самокат айдаушыларға кедергі болатынына келісті.

"Шынында да. Содан кейін самокат айдаушылардың іздерін қалай қшіретінімізді ойлаймыз. Бізде сондай мәселе бар. Тас жолдардан олардың іздерін қалай жуып жүрміз?" - деді Нұркенов.

Сондай-ақ, талқылау барысында залда отырғандардың бірі самокатқа тыйым салу керек деп айғайлады.

"Оларды ату керек", - деп әзілдеді әкім орынбасары.

Талқылау