Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар өнімді жұмыс істегісі келмейді": Кей компания басшылары жас мамандардың жалқаулығына шағымдануда

Жаһандық карантиннан кейін жұмысқа орналасқан жас мамандар онлайн негізде жұмыс істеу тәжірибесіне ие болды. Кей компания басшылары пандемия жас қызметкерлерді жалқау етті деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі McToday сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

The Wall Street Journal басылымында келтірілген зерттеулерге сәйкес, тәжірибелік жаттығулардың болмауы Z ұрпақтарын жұмыстағы негізгі тапсырмаларды орындауға келгенде жалқау немесе білімсіз етуі мүмкін. 

"Олар өнімді жұмыс істегісі келмейді", - деді директорлардың бірі.

Кейбір басшылардың айтуынша жастардың қарым-қатынас дағдылары дұрыс дамымаған. 

"Атап айтқанда, электрондық поштамен хатты қалай жазу керек, кеңселік қарым-қатынасты қалай бастау және жұмысқа не кию керектігін білмейді" - дейді ол.

Зерттеуге сәйкес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша және Жапониядағы жас ұрпақтар басқа әріптестеріне қарағанда, компанияның онлайн конференцияларында өздерін екі-үш есе білімді әрі белсенді көрсеткен.

Зерттеушілер, жас буын қызметкерлерінің жартысына жуығының жұмысқа өз бетімен кірісе алмау себебі жалқаулық емес, керісінше күйзеліс пен қобалжу екенін айтады. 2023 жылы Deloitte Gen Z және Millennial Survey ұрпақтарына жасалған сауалнама жас мамандардың жұмыстан шаршағанын сезінетінін көрсетті.

Сондай-ақ ұрпақтарды салыстыруға арналған танымал тақырыпта жас буынға қызметі ұнамаса жұмыстан оңай әрі тез кете салуы мүмкін екені жазылған.  

Талқылау