Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар еркек деген атқа лайық емес": Павлодар тұрғыны өзіне білгісіз ер адамдардың шабуыл жасағанын мәлімдеді

Павлодар тұрғыны көшеде өзіне екі ер адам шабуыл жасап, аяусыз ұрғанын айтты. Оқиғаны полицей тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

29 жастағы Әсем Мерғалиеваның айтуынша, шабуыл Павлодардағы мекемелердің бірінің жанында болған.

"Маған белгісіз хайуандар шабуыл жасады, оларды еркек деп атауға болмайды. Олар мені көшеде такси күтіп тұрған кезде ұрды. Олар мені тепкенде, мүгедек болып қалмауды ғана тіледім. Менің кәмелетке толмаған балам бар, жоспарлаған істерімді жасай алмаймын деп қорықтым. Басымның бәрі ісініп  тұр", - дейді зардап шегуші Әсем Мерғалиева.

Ол әлі күнге дейін болған оқиғадан шошитынын атап өтті.

"Мен бұл адамдарды бұрын-соңды көрген емеспін және маған неге шабуыл жасағанын білмеймін", - деді қыз.

Әсем Мерғалиева шабуылдаушылардың бірінің фотосуреттерін жариялады.

Ер адам фотода өзін танып, болған оқиғаны өз нұсқасында айтты.

"29 мамырдан 30 мамырға қараған түні жұбайым мен әпкем қаладағы мекемелердің бірінде болды. Әйелім маған қоңырау шалып, телефонға жылап отырып, бейтаныс адам сыра бөтелкесімен әпкесінің басынан ұрғанын айтты", - деді ол.

Оның айтуынша, мекемеге келген соң, әйелі басынан қан ағып жатқан әпкесін шығарып жатқанын көрген.

"Бейтаныс қыз әйелімнің әпкесіне жұдырықпен шабуыл жасай бастады. Мен оларды ажырата бастадым. Содан кейін болып жатқан жағдайды көрген қасымда тұрған адамдар маған көмектесе бастады. Сосын біз кетіп қалдық.

Таңертеңге жақын жұбайымның әпкесінің жағдайы нашарлай бастады, басындағы жарадан қан тоқтамай ақты және ол травматологияға жүгінді", - деді ер адам.

Алайда, зардап шеккен павлодарлық ер адамның сөзін жоққа шығарды.

"Кафеде мен жалғыз болдым, қонақтарды күттім. Қыздармен ауызша қақтығыс болды, қыздардың бірі маған жақын жерде билей бастады. Содан кейін ол еденге секіріп, үстелді итеріп, мені қабырғаға сығып тастады. Содан кейін жұдырықпен ұрып, боғауыз сөздер айтты. Тыныш отыру мүмкін емес екенін түсініп, есепті төлеп, көшеге шықтым, онда екі адам маған шабуыл жасады. Кафеде болған жағдай ол адамдардың жабайылығын ақтамайды. Ер адамдардың мұндай әрекеттерін ақтау қашан қалыпты жағдайға айналды?", - деп Мерғалиева ашуланды.

Ол бірден полицияға жүгінген.

Ал Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі дәмханада зардап шеккен қыздан да арыз түскенін хабарлады.

"Павлодар тұрғынының арызы бойынша материал солтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Сондай-ақ, екінші тараптан арыз түсті. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомствода.

Талқылау