"Ол жарылыс түймесін басамын деп қорқытты": Полиция қызметкері Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесіне шабуылдаушымен қалай келіссөз жүргізгенін айтты
Астанадағы Kaspi Bank бөлімшесінде банк қызметкерлерін кепілге алған күдіктінің ісін қарау бойынша сот процесі жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kokshetau.asia
Эльдар Рамазанов – елордада банкті басып алып, жарылыс қаупі төнген Мурадовпен журналист ретінде келіссөз жүргізген полиция қызметкері.
"18 маусым, түскі ас кезінде маған кезекші қоңырау шалып, адамдарды кепілге алу туралы қоңырау түскенін айтты. Бастапқыда бұл оқу-жаттығу деп ойладым. Бірақ соңында жағдайдың расымен де күрделі екенін анықталды. Мен өз көлігіммен оқиға орнына бардым. Жол-жөнекей қанша адам кепілге алынғанын анықтадым, 10-15 минут ішінде жеттім. Оқиға орнында полиция қызметкерлері және көп адам болды. Біз оның әрекетінің шынайы екенін байқадық. Ол қызметкерлердің ешқайсысының кірмеуін айтып айқайлады”,- деді сот барысында куәгер.
Куәгер онымен келіссөз жүргізу үшін өзін БАҚ өкілі ретінде таныстырып, ғимаратқа кіретінін айтқан.
“Біраздан соң мен оқ өтпейтін жилетпен (бронежилет) Әлиханмен (айыпты) байланыс орнату үшін БАҚ өкілі ретінде ғимаратқа кірдім. Сенімге кіру үшін Әлихан оқ өтпейтін жилетті шешуді өтінді, мен жилетті шешіп, өзіммен бірге қару-жарақ жоқ екенін көрсеттім. Сосын мен оның жанына отырдым да, сөйлесе бастадық”,- деп толықтырды куәгер сот отырысында.
Бұл кезде басқыншы қатты қорқып тұрған қызды қасында ұстаған. Бұл уақытта Мурадов өзін агрессивті ұстағанын айтты куәгер.
"Әлихан біраз уақыт айқайлады, содан кейін біз дұрыстап, ақырын сөйлесе бастадық. Өзі талап еткен сомманың алғашқысын аударған кезде ол қасында кепілге ұстаған адамды жіберді. Бұл 10 миллион теңге болатын. Мен өз кезегімде егер сомма 100 миллион болса, ол менімен бірге шығып, кепілге ұстап отырғандардың барлығын босатады және ешқайсысына зияндық жасалмайды деп келістік. Бірақ ол 10 миллионды көргенде, оның мөлшері аз екенін айтты", – деді Рамазанов.
Рамазановтың айтуынша, жағдайдың қиын болғаны сонша, келіссөз 1,5 сағаттқа дейін созылған. Мурадов жарылыс түймесін басамын деп бірнеше мәрте қорқытқан.
Әлихан Мұрадов қойған талаптардың бірі – әпкесін Алматының үздік клиникасына емделуге жіберу болды. Оның айтуынша, әпкесі қатты ауырып жатыр екен.
"Мен оның жанды жері бала екенін түсіндім. Себебі қанша балам барын сұрады. Содан кейін мен оның тапаншаның шүріппесін баспайтынын түсіндім", – деп қосты куәгер.
Куәгердің сөзінше айыптымен келіссөз жүргізу қиынға соққан. Оның көнідуге тырысөан сөздеріне сенбей, қабылдмай қойған.
"Мен келіссөздер жүргізген кезде ол әрбір айтқан сөзімді бұрмалап, сөздерімді қабылдамады. Мен оған айтамын, ол қабылдамайды. Мысалы: "Әлихан, сен жақсы адамсың. Әлихан, сен мұны не үшін істеп жатырсың? Сізде бәрі жақсы болады". Ал ол: "Жақсы адамыңды өзіңе қалдыр, мұндай сөздер маған керек емес" деген сияқты жауап қайтарды. Яғнм ол менің көндіруге тырысқан сөздерімді қабылдмамады", – деп мәлімдеді ол.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аз қамтылған және мүгедек балаларға банк акцияларын аудару туралы талаптардан басқа, ол әпкесінің емделуіне қаржылық көмек көрсетуді сұраған.
Куәгер Мурадовтың жанында пышақ, тапанша тәрізді зат болған. Ер адам шамамен бір жарым сағат бойы онымен тілдескен, содан кейін ғимаратқа шабуыл басталып, кепілге алынған адамдар шығарылды, ал Мурадов ұсталды.
Еске салайық, Әлихан Мурадовтың соты 29 тамызда басталды. Банкті басып алу оқиғасы елордада ағымдағы жылдың 18 маусымында болған.