"Ол үздік боксшы емес": Головкин "Канело" туралы пікірін айтты
Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль "Канело" Альвареске қатысты пікірін білдірді. Оның сөзінше, "Канело" рингтегі ең үздігі емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Головкин мұны Альварестің рингтегі жетістіктерімен және ринг сыртында өзін ұстауымен байланыстырды.
"Егер біреу шындықты мойындағысы келмесе, бұл өзінің мәселесі. Баспасөз отырысында өзін ұстауы оның өзіне сенімсіз екенін көрсетеді. Бірінші отырыстан кейін сабақ алып, екіншісінде өзін басқаша ұстады. Ұлы боксшыға айналғысы келсе, әлі көп нәрсемен жұмыс істеуі керек. Ол ең үздігі емес", – деді Головкин.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”