Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Басқа әйел алмаймын, бұл менің соңғы некем деп ел алдында уәде етем

Айқын Төлепберген Баян Алагөзованің әзілін сәннен қалып кеткен әзіл деп бағалады. Бұған дейін продюсер Алагөзова мен әнші Айқынның әзіл видеосы желіде тараған еді. Айқын бұған өз көзқарасын білдірді. 

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасылық қызықтары жайлы айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айқын Төлепберген үшін сұлулар арасында жалғыз ғана фаворит бар. Ол –Жұлдыз Өмірғали. 

Бұған дейін Баян Алагөзова “Кешью” тобының құрамы жаңарғанын айтып, Айқынмен әзілдескен еді.

“Айқын, бізде әр 4 жыл сайын топ құрамы жаңарып отырады. Сенің оған көзқарасың қалай? Жаңа қыздарға көзің түспей ме? Осымен тоқтадың ба? Ел алдында бұл сенің соңғы некең екенін айтып, уәде берші”, – деді продюсер. 

Әнші Жұлдыздан басқаны қаламайтынын айтып, бұл менің соңғы некем деп уәде етті. Кейіннен мұндай әзілдердің жыл сайын айтылатынын ескертіп, құлағы үйреніп кеткенін жеткізді. 

“Бұл тізесі шығып кеткен әзіл ғой. Топ құрамы ауысқан сайын, маған солай әзілдейді. Оған үйреніп қалдық. Былай қарағанда, жай қалжың ғой”, – деді әнші. 

Айқын “қыздар арасында фаворит Жұлдыз Өмірғали” дегенді де айта кетті.

Жақында көпшілік жұлдызды жұп Айқын мен Жұлдыз тағы сәби күтіп жүр деп болжады. Алайда қос әнші бұған жауап білдірмеді. 


Талқылау