“Ол – рухани мүгедек”: Алмат Сақатов сөзді қазақшаға ұяттау аударған жүргізушіні сынға алды
Алмат Сақатов желіде шу болған Диана Қырықбайға қатысты видеоға пікір білдірді. Актер “атың шықпаса, жер өртенің кезі келді” деп ренжіді. “Арсыздау адамдар – рухани мүгедектер” деп атады.
Алмат Сақатов желіде түрлі тақырыпқа қатысты өз пікірін үнемі білдіріп жүреді. Бұл жолы желіде тараған видеоға қатысты үн қатты. Желіде жүргізуші Диана Қырықбайды сөздің аудармасын ұсынып, көптің талқысына түскен еді.
“Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Қалайсыздар? Амансыздар ма? Желіде бір қызды “сексуальный” деген сөзді қалай аударғанын айтып жатыр бәрі. Иә, есалаңдау адам. Қайтесіздер? Ондайларды рухани мүгедек деп атайды. “Атың шықпаса, жер өрте” дегеннің кезі. Өзін атақты ете алмай жүрген адамдардың тірлігі. Сондықтан оларды талқылап, атақты етіп жіберудің керегі жоқ. Айтады, қояды. Оларға бас қатырудың керегі жоқ. Оларды рухани мүгедектер деп атайды. Әйтпесе ондай арсыз сөзді мен де айтпаймын, сіз де айтпайсыз. Есалаң адамдар айтады. Одан да басқа проблема жетіп жатыр. Сондықтан бас ауыртпай-ақ қойыңыздар. Өмір өзі орнына қояды”, – деді актер.
Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз пікірін қосты.
“Қалай тауып айтқансыз, рухани мүгедек деп”, “Дұрыс айтасыз, сол ғой, өзіміз сондайлардың атын шығарып отырамыз ғой. Осындай түсінігің үшін сыйлаймын ғой сізді”, “Өте дұрыс айтасыз. Әр сөзге ренжіп таусылсақ, өлдік қой онда. Бұрын мен біреу мені жамандады деп естісем, мен не істеп қойдым ол адамға деп көп ойланатынмын, өзімнен қателіктерімді іздеп, қазір бас ауыртпаймын”, “Мәдениет министрлігі не қарап отыр, бір шара қолдану керек қой”, “Сәке оған келіспеймін, құдай сақтасын, сөздік қорымызға кіргізіп қояр сол сөзді”, “Қалай аударылған екен “ол” сөз қазақ тіліне? қызық болып тұр”, “Дұрыс айтасыз, Алмат мырза! Қыздарымыздың тым жеңілтек болып бара жатқандарыңа күйініп, қынжыласың ғой. Немере қыздар тәрбиелеп отырмыз, қорқынышты заман болып кетті ғой. Қазақтың қыздары тым еліктегіш болып бара жатыр, сол үшін қорқамыз”, – деді желідегілер.