"Арамызда қалсын бәрі": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас әншімен дуэт орындаймын деп сынға қалды
Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жас әншімен дуэт жаздырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялаған жазбасында бұл жұмыстың жай ғана ән емес, жүрек пен шабыттың тоғысқан сәті екенін айтты.
“Арамызда қалсын бәрі. Бұл – өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл – мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген – үлкен шабыт. Тілектес болу – нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық!", – деп жазды ол.
Бүгінде өнерлі жұп ел алдына бірге шықпай, тыңдарманын алаңдатып қойды.
“Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен”, “Күйеуі көрінбей кетті”, “Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен”, “Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, “Мөлдір баяғының бақсылары сияқты”, – деп жазды көпшілік.
Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек “Әйел ашуланса құлпырады” деп жазған пікір иесіне: “Ол – рас”, – деп жауап қайтарды.
Айта кетейік, бүгінде өнерлі жұп Тұрсынбек пен Мөлдір ел алдына бірге шықпай, тыңдарманын алаңдатып қойды.
“Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен”, “Күйеуі көрінбей кетті”, “Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен”, “Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, “Мөлдір баяғының бақсылары сияқты”, – деп жазды көпшілік.
Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек “Әйел ашуланса құлпырады” деп жазған пікір иесіне: “Ол – рас”, – деп жауап қайтарды.
Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде ұятқа қалған еді.

Тиімді бағада шоппинг, түнгі круиз және ғибадатханалар: Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайда саяхаттай алады
