Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол кезде Ерке тарихта жоқ": Сазгер Бота Бейсенова "Ерке Есмаханға еліктейді" дегендерге жауап берді

Өнердегі жұлдызды жұптың бірі – Ғани мен Бота. Бота Бейсенова – балалар композиторы. Балаларға арналған танымал бірнеше әннің авторы. Жақында әнші өзін Ерке Есмаханға еліктейді деген оқырмандарына ренжіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің оқырмандары жас кезін Ерке Есмаханға ұқсатқан.

“Жалындаған жастық шақ! Маған “Ерке Есмаханға еліктейсіз” деп жазатындар бар. Сол кісілерге жауап! Бұдан бәленбай жыл бұрын менің имиджім осындай болған. Ол кезде Ерке тарихта жоқ! Мен басынан “дэрзкий” қызбын! Модница болдым. Мына жерде Ғанекем де жігіттің төресі боп тұр ғой! Келбетті! Міне, біз қандай тәтті жұп болғанбыз”, – деп жазып, жас күніндегі фотосын жүктеді. 

Еске салайық, соңғы кезде сазгер әншілігімен қатар дұрыс тамақтану жолдарын да насихаттап жүр. Жүрген жерінде артық салмақтан арылудың тиімді тәсілдерін бөліскен. Тіпті, салмағының кесірінен сахнаға шыға алмай қалған кезін де айтқан. 

“Диетология саласына мен өзіме қажет болғасын келгем. Қызымды босанғасын салмағым 100 келіге жетті. Жардай болып семірдім. Концерттің ұйымдастырушылары "салмақ тастамасаң сахнаға шығармаймыз" деп шықты. Сондай талап қойды. Өзіме де оншама келіні арқалап жүру оңай тимеді. Содан білек сыбана кірістім. "Ауру – астан" дегенді санға мықтап бекітіп алып, диетолог мамандардың көмегіне жүгіндім. Солай 4 айда 25 келі салмақ тастадым. Әлі де өзімнің бабыма келу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, дене сымбатыма қатты қараймын. Қызымды босанғаннан кейінгі және диетадан кейінгі суретімді "Инстаграмға" салған кезімде жүздеген хат келіп түсті. Жалпы, бұл тақырып қазір екінің бірін мазалайтын мәселе екен. "Тәжірибеңізбен бөлісіңізші, қалай салмақ тастадыңыз?", "Маған да көмектесіңізші" деп жазған пікірлерді оқып, біраз ойландым. Көмектесе қояйын десем медициналық білімім жоқ, арнайы сертификатым да жоқ. Сонымен ресейлік атақты диетологтың онлайн курсын тәмамдап, сертификатын алып, кәсіби диетолог ретінде әйелдермен жұмысты бастап кеттім. Бүгінгі таңда мыңдаған қыз-келіншек жылдар бойы жинаған артық салмағынан арылып, маған алғыстарын айтып жатыр. Бір жағынан сауапты тірлік болды. Қаншама адамның сұлулығы мен денсаулығы дұрысталып, отбасының шырайы кірді. Яғни өмірлері оң бағытқа өзгерді. Тіпті жатырын май басып, бала көтере алмай қалған әйелдер салмақ тастап, балалы болды”, – дейді өнер иесі. 
 

Талқылау