Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол бауырларын қорғады": Екібастұзда кісі өлтірді деп күдікке ілінген ер адамның анасы әділдік іздеп жүр

Екібастұз тұрғыны Айгүл Исаева 29 жастағы ұлына қатысты қылмыстық істің толыққанды тергелуін сұрайды. Ер адам 25 жастағы жігітті пышақтап тастаған. Қанды оқиға қаңтар айында түнгі клубтардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

Әйелдің айтуынша, ұлы сол күні түнгі клуб маңында соққыға жығылған інілерін қорғамақ болған. Түнгі клубқа ол үш ұлымен барған. Мұның алдында кенже ұлын қыз үшін соққыға жыққан екен.

"Үлкен ұлым Әли шабуыл жасаған жігіттермен сөйлеспек болды, алайда бұл мүмкін болмады. Бір топ адам балаларымды ұра бастады. Мәдениет пен Дәулет жерде ес-түссіз жатты, бірақ бұған қарамастан ұруды жалғастырды. Мен жылап, тоқтауларын сұрадым. Осы сәтте Али Мәдениетке жүгіріп келді. Жанында пышақ жатқан. Әли пышақты алып артқа шегінді, осы сәтте бір топ адам оған қарай жақындады. Балам сасқалақтап қалды, ешкім жақындамауы үшін пышақты оңды-солды сермеді. Топ кері шегінгенімен, біреуі Әлиге жақындай түсті", - дейді әйел. 

Сөзінше, ұлы зардап шеккен жігітті төрт жерінен пышақтаған. Кейін ол ауруханада жан тапсырды. 

"Таңертең үйге келдік, сол кезде Әли кісі өлтіргенін айтты. Бірден полиция бардық. Кінәні мойындады. Алайда қазір ұлымды қасақана кісі өлтірді деп айыптады. Клубқа пышақпен барып, соққыға жығылған інілеріне кек қайтару үшін барғандай етіп көрсетті. Ұлым өз інілерін қорғады. Дегенмен қылмыстық істе тек ұлым мен қаза тапқан жігіт туралы айтылған. Ұлдарымның таяқ жеуіне қаза тапқан жігітті кіналайды. Барлық қатысушылардың ішінен тек екеуін полиция шақырған, бірақ олар да куәгер ретінде жауап берді", - деді Айгүл Исаева. 

Әйел ұлына әділ жаза тағайындаса дейді. 

"Тергеу толыққанды жүріп, барлығы заң аясында болса дейміз. Ұлым кісі өлтіргенін және жазасын алуы керек екенін айтады. Алайда болған жағдай қасақана емес. Менің ойымша, төбелесті бастағандар жазаға тартылуы керек. Сонымен қатар мен қаза тапқан жігіттің отбасынан кешірім сұрағым келеді, ұлым ешкімді өлтіргісі келген жоқ", - деп мәлімдеді күдіктінің анасы. 

Павлодар облысы полиция департаментіндегілер бұл іске қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу материалдары Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 300-бабы бойынша прокуратураға берілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, қаза тапқан жігіттің артында жары мен кішкентай баласы қалды.

Талқылау