Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кетті

Түркістан облысында 3 жасар бала жоғалып кетіп, кейін өзеннен  денесі табылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.



"2023 жылғы 4 наурыз күні сағат 18-00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туылған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті” – деді министрлікте.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған, үйге жақын маңда өзен бар екен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Талқылау