Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев мемлекет атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы: Басқа да проблемалар жетеді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мемлекет атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Ол мәжілісменді қолдамады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Өз сөзінде Тоқаев мемлекет атауында «Қазақстан» сөзі бар екенін айтты. Бұл бізге жеткілікті, дейді ол.

«Болды, жетеді. Не үшін керек ол? Мемлекет атауы Қазақстан Республикасы болып қалуы керек. Президентіміз қаншама халықаралық келісімшартты Қазақстан Республикасының атынан жасады. Қазақстан атауын өзгертудің еш мәні жоқ, оған еш негіз де жоқ. Бізде басқа да проблемалар жетеді», – дейді спикер.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында Қазақстан атауын Қазақ Республикасы деп өзгерту туралы ұсыныс тастаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр