Оқушымен жақындасқаны үшін қызметінен кеткен мұғалім өзге мектепке орналасқан
Әйел мұғалім Мәскеудің Строгино ауданында элиталы гимназиясына қаңтардың ортасынан бері қызметке тұрған. Оқу басшылығы бұл жайында білмегендіктен, Ирина Б.-ны жұмысқа алған.
«Оны өте жақсы маман деп ұсынған болатын. Ешқандай жаман қылығын көрген жоқпыз. Ол 9-сыныптар мен кіші сыныптарға сабақ береді. Балалардан ешкім зардап шеккен жоқ», – дейді мектеп мұғалімдері.
Айта кетейік, 17 жастағы мектеп оқушысының ата-анасы ағылшын тілі мұғалімінің оны еліктіріп, репетиторлық сабақ кезінде секспен айналысқанын айтып шағымданған. Мектеп басшылығы осыдан соң мұғалімді жұмыстан қуған еді.
Ал, сексуалды сипаттағы зорлық көрсетті деп күдікке ілінген мұғалім оқушының өзін еліктіргенін айтты. Айтуынша, оқушы мұғалімнің үйіне барып, репетиторлық дәріс алуды сұрап, соңында жыныстық қатынасқа көндірген.
17 жастағы Бахо өзінің сексуалды жақындығын жасырмайды. Ол желіде +18 жастағылар көретін топқа да тіркелген. Оны мектепте қыздардың жүрегін жаулаушы деп атайды.
Жіберіп алмаңыз:
Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)
Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды
Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады