Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

46 жастағы әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады. Ол түн ортасында өз қызымен кездесуге келген жеткіншекті көліктің ішінде жәбірлеген.

Elaine-Goodman

Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

Енді Элейн Гуман істеген ісіне өкінетінін айтып бармағын тістеп отыр.

Қорғаушысы Джеймс Лигуор сот залында қанша адамның көңіліне қаяу түсіргені үшін әйелдің шын өкінетінін жеткізген.

Тергеу мәліметтерінің арасынан әйелдің жасөспірімге жазған смс-хаттары бар. Онда Гудман баланың өте сүйкімді әрі дене сымбатының тартымды екенін жазған.

Зорлықтың құрбаны болған бала 2015 жылдың 15 наурызында үйінен шыққан. Түнгі 1 мен таңғы 4.30 аралығында ол көлік ішінде әйелдің «секс құлына» айналған.

Жеткіншек балаларды қорғау орталығына Гудманның өзін сүйіп алғанын, артынша шешініп тастағанын жеткізген.

Сот барысында Гудман өз әрекетімен қаншама адамды шошытқанын айтып ағыл-тегіл жылады.

«Өкінемін десем, мұның жай сөз екенін түсінемін. Алайда расымен де өкініп тұрмын», – дейді ол.

Бас прокурордың орынбасары Денис Викс-Таппанның айтуынша, зорлық көрген бала психологиялық тұрғыдан өзгерген.

«Ол жаралы, бәрінен ұялады және бұл жағдай оның білім алуына да әсерін тигізеді», – дейді ол.

Гудман екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, ол сексуалдық ауытқушылыққа тексіріліп тұруға міндетті және сексуалдық қылмыскер ретінде тіркеуде тұрады.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та 17 жастағы қыз жігітті зорлап тастады

Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады

Кезекті ақырзаман күні 16 ақпанға белгіленді

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар