Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы қыз iPhone сатып алу үшін қорапшаға бірыңғай 100 теңгеліктерді жинап шыққан

Алматыда мектеп оқушысы жаңа iPhone сатып алу үшін кіл тиыннан ақша жинаған. Ол бұл ақшаны ата-анасы беріп отыратын азын-аулақ тиындардан ауыстырып жүріпті.

photo_204221

Бұл туралы Rassul Rysmambetov Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған.

Оның сөзінше, оқушы 2017 жылдың алғашқы күнінде армандаған смартфонына қол жеткізген.

“Мен 2 қаңтар күні өзіме интернет-дүкен арқылы жаңа телефон сатып алдым. Сатушының үстелінен кіл 100 теңгеліктер толтырылған қорапшаны байқап қалдым. Ол бізге дейін әкесімен бірге кішкентай қыздың келгенін айтты. Олар осы ақшаға iРhone сатып алған екен”, – деп жазады.

Сатушының айтуынша, қыз 10-11 жас шамасында болған. Ол доллар курсы 180 теңге болып тұрған кезде жинай бастаған.

“Ол осынша ақшаны жылдан астам уақыт бойы жинаған сияқты. Ол ата-анасы беріп отыратын күн сайынғы тиын-тебенді жұмсап, сосын дүкендегі қайтарым ақшадан жинап шығыпты”, – деп жазады автор.

Желі қолданушылары өз кезегінде қыздың табандылығына тәнті болып, қолдау білдіріп пікір қалдырған. Бұған дейін Астанада 12 жастағы оқушы өзіне iPhone сатып алу үшін ерекше бизнеспен айналысып жатқанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Қайынағасының үйіне қонаққа барған келіншек абысынының қалай жақтырмағанын айтып берді

Қарағанды облысында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды

Ғалым: Мәскеу қазақ жігітінің есімінің құрметіне қойылған

2016 жылы қазақстандықтардың өмірін жақсартқан 12 адам

Талқылау