2016 жылы қазақстандықтардың өмірін жақсартқан 12 адам

Сейсенбі, 3 Қаңтар , 2017 11:38

2016 жыл қазақстандықтар үшін табысты болды. Себебі, қайырымды жандар жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созды. Оларға баспана мен көлік сыйлады. Stan.kz өткен жылы қазақстандықтардың өмірін жақсы арнаға бұрған адамдардың игі істерін еске алуды жөн көріп отыр.

 

вуыцф

1. Мақпал Исабекова өзінің инстаграм парақшасын 1 500 000 теңгеге сатып, ақшаны толықтай бір аяғынан айырылған Әсел Құсайыноваға табыстады. Бойжеткен Алматы-Талдықорған трассасында болған жол апаты салдарынан аяғынан айырылған еді. Оның денсаулығы сыр бере бастағандықтан, дәрігерлер аяғының кесілуі мүмкін екенін айтып жатыр. Мұндай жағдайда 29 жастағы бойжеткен протезбен де жүре алмай қалуы мүмкін. Алғаш рет аяғын кескен кезде, Әселді күйеу жігіті тастап кеткен екен. Ал әншінің парақшасы небәрі 10 сағаттың ішінде сатылып кеткен. Оны астаналық бойжеткен иеленген екен.

997966a06ff877d21753454bd75fecde1

2. “Қазақстан дауысы” жобасының жеңімпазы атанған Мұратбек Хайролда өзіне берілген 5 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсап, балалар үйіне таратып берді. Ол “Қазақстан дауысы” жобасында Нұрлан Албанның шәкірте ретінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын. “Амандық болса 5 миллион теңгені қолыма тигеннен-ақ көмек қорларына беруді, операцияға кіретін балаларға, жетімдер үйіне көмектесуді ниет етіп отырмын. Себебі, әр азамат қазақтың қамқорлыққа мұқтаж балаларына көмек қолын созатын болса, сол көмектен балалар бақытқа кенелсе, мұндай істің сауабы кез келген жеңімпаздық атақтан әлде қайда артық. Алланың берген осындай бақытына кішкене болса да өзгелерге көмегім арқылы рахметімді, шүкірімді айтқым келеді”, – дейді Мұратбек.

dusiya

3. Шымкенттік әже тұрмысы төмен балаларды оқуға түсіріп қайырымдылықпен айналысады. Бастапқыда Дуся Нұрмашеваның ұлы №3 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсеткен. Балалар үйіне микроавтобус, ғимаратқа қосалқы бөлме алып берген. Ұл балаларды сүндетке отырғызып, үлкен той жасап берген. Осыдан кейін Дуся әжейдің өзі қайырымдылықпен айналыса бастаған. Енді “Бөбектер үйіне” жәрдем беруді бастамақ.

20160726_153453-675x380

4. Заттыбек есік алдындағы дүкенінен намазхана жасап, оны көршілеріне тарту еткен болатын. Жуырда әнші жетімдер үйінде қонақта болып, оларға тегін концерт қойып берді. Мұнымен қатар, 400-дей балаға арналған мол дастархан жайған-ды.

67689641_zima

5. Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады. Ерлі-зайыптылар осыған дейін Қызылорда қаласының шетінде 3 бөлмелі жайсыз үйде тұрып келген. Отағасы жомарт жанның баспанадан бөлек тағы да сый жасағанын айтады. Қызылорда қалалық әкімдігі бұл отбасының жағдайымен таныс болса да, үйді кезексіз бере алмайтындарын айтқан. Ал, баспана мәселесін қайырымдылықпен шешіп берген жомарт жан есімін көпке жариялауды жөн көрмеді.

1986848_1_1

6. Шығыс қазақстандық ауыр науқас балаға Яна Рудковская мен кубалық миллионерлер қол ұшын созды. Бір жастағы семейлік Богдан Фединнің басында қызық жағдай орын алды. Сәбидің ата-анасы мен еріктілер оның ауруын емдеу үшін қажетті қаражат іздеген. Ал оның еміне төленетін ақшаны Кубада өмір сүретін ауқатты адамдар мен ресейлік продюсер Яна Рудковская өз мойнына алыпты.

Жасулан

7. Қарағандылық науқас қызға көмектесу үшін Қазақстанның 10 қаласын аралаған Заңгер Жасұлан Сейсенханов бөтен адамдардың баласының еміне ақша жинау үшін Қазақстан қалаларын аралап жүр. Жасұлан денесінен ісік табылған екі жасар Әдемі Қуанышбектің тағдырына бей-жай қарай алмағанын айтады. Жігіт қайырымдылық мақсатта авто жарым ұйымдастыруды жөн көріпті.

“Достарымның бірі WhatsApp арқылы кішкене бүлдіршіннің өмірі қыл үстінде тұрғанын айтты. Оқиғаны оқыған соң, екі күн бойы ұйықтай да, тамақ та іше алмадым”, – дейді заңгер. Оңтүстік Кореяда ем алып жатқан Әдеміге ота жасау үшін жалпы 400 000 доллар қажет екен. Жасұланның әзірге бұл отбасыға қанша сома аударғаны белгісіз. Десе де ол қайырымдылық шараларын жалғастыра бермек.

photo_30878

Фото: tengrinews.kz

8. Астана қаласының тұрғыны өзінің үйін 280 жануарға берді. Бұл жаңалық Астана қаласынан үй ала алмай жүргендер үшін таңқалдырарлық жаңалық болатын шығар. Алайда коттедж иесі Бақтыгүл Жұмабекова өзінің бұл әрекетінен еш әбестік көрмейтінін айтады. Ол өмір бойы көше жануарларына арнап үй салғысы келген екен. Енді міне араға біраз уақыт салып оның арманы орындалды. Қазір бұл үйде 200-ден астам жануар тұрады. Негізінен иттер мен мысықтар тұратын үйде түлкі де бар. Күнделікті бұл үйге 30-40 мысық алып келеді екен. Бақтыгүл әдетте тек олардың 2-3-ін ғана асырап ала алатынын айтып жатыр. Жоғарыда аталған түлкі зообақта маймылға шабуыл жасаған екен. Осыған орай, хайуанаттар бағының иесі оны Бақтыгүлге беруді жөн көрген.

100-apa

9. Ағымдағы жылы “Қайырымды жандар” еріктілер тобы 100 жалғызбасты қартты мейрамханаға қонақ етті. Аталған тойға әлемді шарлап, ғаламтор жұлдызына айналған Лена Тоқсанбаева да келді. Тойға өңірдегі қарттар үйінің отыз тұрғыны арнайы шақырылған. Қалған 70 жалғызбасты ата мен әжейді еріктілер өздері іздеп, іріктеген екен. Оларға арнап қаладағы жаңа той сарайында дастархан жайған. Шараны Айдын Тоқсанбаева бастаған «Қайырымды жандар» еріктілер тобы ұйымдастырды. Естеріңізде болса, 80 жастағы Лена Тоқсанбаева осы уақытқа дейін Лондон, Таиланд, Испания және Чехия сынды мемлекеттерге саяхаттаған-ды. Алдағы уақытта АҚШ пен Түркияға саяхаттайтынын айтып жатыр.

btt_62942

10. Василий Левит денесінен ісік табылған бүлдіршінге тосын сый жасады. Риода өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласында денесінен ісік табылған баламен кездесті. 10 жасар Әлинабидің Василий Левитпен кездесуді армандаған екен. Клубтың волонтерлері оның бұл арманы туралы боксшыға айтқан. Левит өз кезегінде бірден келісімін берген. Боксшы балаға өзінің қолғабын сыйлаған. Мұнымен қатар, қолғабына қолтаңбасын қойып берген. Ол Әлинабиге Жаңа жылға сыйлық жасайтынын айтты.

0епквцыы

9. Рамзан Қадыров ауыр хәлде жатқан қазақстандық бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалды. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қазақстандық науқас қыздың шотына 10 500 доллар аударды. Еміне де осы сома қажет болған екен. Екібастұздық Элифке үш бірдей диагноз қойылған-ды: гидроцефалия, скалиоз және ми жұлынының жарығы. Қуанышты хабарда Элифтің анасы әлеуметтік желі арқылы бөлісті. “Сәлеметсіздерме, біздің құрметті сиқыршыларымыз! Аллаға шүкір! Бірнеше минут бұрын Рамзан Қадыров Элифтің шотына 10500$ аударды. Бақыттан басым айналып тұрғаны соншалық, айтарға сөз таппай тұрмын. Құрметті Рамзан Ахматұлы! Сізге аналық рахметімді айтамын! Көзімнен қуаныштың көз жасы ағып жатыр. Жаратушы Алланың оң назарында болыңыз”, – деп жазады ол. Мұнымен қатар, ол аз уақыт ішінде өзге адамдардан да ақша түскенін айтты.

20160928223226

10. Қарағандылық өзінің еміне жиналған 5,5 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсап жіберді. Екі жылдан астам уақыт бойы Қарағанды мен Қазақстанның өзге қалаларының тұрғыны 26 жастағы Нияз Сүндиталиевтің еміне арнап ақша жинаған. Артынша Нияз шотына келіп түскен 5,5 млн теңгені қайырымдылық қорына аударып жіберді. Азамат көпқабатты үйден құлап кетіп, төсекке таңылған болатын. Алайда ол ақша өмірлері қыл үстінде жатқан адамдарға көбірек қажет деп шешкен екен. “Бұл ақша менің еміме жиналды. Бірақ мен ауруымның қатты асқынып кетпегенін жақсы түсінемін. Біз ақылдаса келе осындай шешімге келдік”, – дейді ол. Осылайша Нияздың қалауымен, жиналған сома аурумен күресіп жатқан бір жасар қыздың шотына аударылды.

bolnica_krovati-620x370

11. Есімін жасырған азамат Маңғыстау инфекциялық ауруханасына 2,5 млн теңге аударды. Ақтаулық меценат Маңғыстау ауруханасына арнап құны 2,5 млн теңге болатын 20 көпқызметті төсек сатып алып берген. Бұл төсектер бірден оральды регидратация палатасына қойылды. Меценат бұның алдында дәл осындай 10 төсек алып берген-ді. “Жас жігіт кішкене балаларға не алып беруге болатындығы туралы сұрады. Қажетті құрылғылар тым қымбат болатын. Мен көпқызметті төсектің қажет екенін айттым. Олар әртүрлі ауруға шалдыққан 3-13 жас аралығындағы балаларға арналған. Аурухана ұжымы жігітке шексіз алғысын білдіріп жатыр”, – дейді бас дәрігер Сара Ермұханова.

0э

12.Кеңес Рақышев 2,5 миллион долларын қайырымдылыққа жұмсады. Алматыда Қазақстандағы алғашқы Дзюдо Академиясы ашылды. Академия Дзюдо Федерациясына және Қазкоммерцбанктің директорлар Кеңесінің басшысы Кеңес Рақышевтың қаражатына салынды. Жаттығу орталығы балаларға тегін қызмет көрсетпек. Рақышев ағымдағы жылдың мамыр айында академия кілтін дзюдодан әлем чемпионы Айболат Ыстыбаевқа табыстаған-ды. Академияның тұрғызылуына жалпы 2,5 млн теңге кеткен екен. Қала әкімі Бауыржан Байбек те оған алғыс айтқан-ды. Дзюдо академиясы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің территориясында орналасқан.


Жіберіп алмаңыз:

2016 жылы қазақстандықтарды жылатқан 6 оқиға

2017 жылы қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады

Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

2017 жылы АЕК көрсеткіші және минималды зейнетақы мөлшері қанша болады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар