Саяхатшы әжей қарттар үйінің тұрғындарын мейрамханаға жинады

Дүйсенбі, 22 Ақпан , 2016 10:40

Шымкентте ерекше той өтті. Өңірдегі 100 жалғызбасты қартты «Қайырымды жандар» еріктілер тобы қонақ қылды. Бұл тойға әлемді шарлап, ғаламтор жұлдығына айналған Лена Тоқсанбаева әжей келді.  Қарттар үйінің тұрғындарына арналған тойға STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі де барып қайтқан еді.

100 апа.jpg7

Қаладағы жаңадан ашылған зәулім тойханаға  жергілікті өнер иелері шақырылған. Қайырымдылық шара осыған дейін Алматыда өткен. Алда Елорда қарттарына да дастархан жайылмақ.

Тойға өңірдегі қарттар үйінің отыз тұрғыны арнайы шақырылған. Қалған 70 жалғызбасты ата мен әжейді еріктілер өздері іздеп, іріктеген екен. Оларға арнап қаладағы жаңа той сарайында дастархан жайған. Шараны Айдын Тоқсанбаева бастаған «Қайырымды жандар» еріктілер тобы ұйымдастырды. Әйгілі саяхатшы Лена әжей немересі бастаған шараға қонақ болып келді. Туған жерінде өткен тойда сексеннің сеңгіріне шыққан қария жастарға деген аманатымен бөлісті.

100 апа

«Туған топырағыма келгеніме қуаныштымын. Бұл шараны қолдаймын. Қазір ата-анасын қарттар үйіне тастап кеткендер көп. Менің өмірім, ұл-қызымнан көріп жатқан жақсылығым солардың балаларына өнеге болсын. Кезінде біз де жоқшылықты көп көрдік. Мұндай тойды көру-арман. Әрбір перзент ата-анасына жақсылық жасауға ұмтылу керек», – дейді алты баланың анасы Лена Тоқсанбаева.

100 апа.jpg6

Соңғы бірнеше жылда жиһанкез-әже Лондон. Таиланд, Франция, Испания, Чехия елдеріне саяхат жасаған. Ол Disneyland-тің барлық әткеншектеріне мініп көргенін мақтан тұтады. Алда АҚШ-та тұрып жатқан немересіне жол тартпақ. Одан кейін Түркия еліне бет бұруды ойлайды. Ол елдегі соңғы оқиғалар саяхаттан аяқ тартуға негіз болмайтынын айтады. Ал басты арманы-қасиетті Меккеге бару.

100 апа.jpg2

Әлемді көруді қарттар үйінің тұрғындары да аңсайды. Бірақ олар үшін, бұл орындалмас арман. Кеш куәгерлері Ұлжан Ералиева мен Зәуре Есенбекова «қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін болғанына тәубе» дейді. Тағдырлары қарттар үйінде тоғысқан жандар, енді жұптары жазылмайтын сырлас. Бала сүю бақыты бұйырмаған жандар, қартайған шақтарында ешкімге керек болмай қалғандарын айтады.

100 апа.jpg4

«Мұндай тойды көрмегелі қашан. Тойхананың ішінде отырып, ертегідегідей күй кештік. Басқа бір әлемге түсіп кеткендей болып отырмыз. Бізді елеп, осындай тойға шақырғандарына мың рахмет. Әлі талай жыл көз алдымыздан кетпейтін болды», -деп ағынан жарылды қарттар үйінің тұрақты тұрғынына айналған апалар.

100 апа.jpg5

Тойға қатысқысы келгендер алдын-ала 2500 теңгеден төлеуге міндетті. Бұл алдыңызға жайылған астың құны, дейді ұйымдастырушылар. Ал қосымша қаржы бөлуге ниетті жандар болса, құшақ жая қарсы алады.

100 апа.jpg1

«100 қарияға жайылған дастарханның қаржысын менің әкем көтерді. Қалған қонақ өз ақшасына келді. Біздің еріктілер тобында ел бойынша 500-ге жуық адам бар. Ұлтқа, жасқа бөлінбейміз. Тобымыздың ең үлкені – менің әжем. Қолдан келгенше жағдайы төмен отбасыларға, қарияларға көмек береміз. Азық-түлік пен киім-кешек таратамыз. Нағыз тойдың қандай болатынын Шымкентте көруге болатынын жақсы білеміз. Қарттардың көңілін көтеруге әрқайсымыз да ұмтылуымыз керек», -дейді «Қайырымды жандар» еріктілер тобының жетекшісі Айдын Тоқсанбаева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар