2017 жылы қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады

Жексенбі, 1 Қаңтар , 2017 12:06

Ескі жылды есірке, Жаңа жылды жарылқа демекші, өткен жыл қуанышты да табысты сәттерімен есте қалды. Көңілге мұң ұялатқан оқиғалар да жоқ емес. Ал келер жыл қазақстандықтар үшін қандай өзгерістер әзірледі? Stan.kz 2017 жылы қазақстандықтардың өмірін өзге арнаға бұратын өзгерістерді топтастыруды жөн көрді.

казахстан2017-0101

2017 жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге шығарда арнайы код беріледі

2017 жылы қазақстандық туристерді шетелден жедел тасымалдау қоры туроператорлардан 180 млн теңге жинайтын болады. Бұл сома турагенттіктерге алданған қазақстандықтардың 5-8 чартерлік рейсінің құнын өтейтін болады. 2014 жылы елімізде шетелге шыққан 500 мың турист тіркелген. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш бірден 20-25%-ға төмендеген. Бұған саяхатты ұйымдастыратын агенттіктердің алаяқтықтарының көбеюі себеп болса керек. Егер осылай жалғаса беретін болса, 2015 жылы 350 мың болған туристердің саны 2016-2017 жылы тек 150-180 мыңды құрамақ. Яғни жоғарыда айтылған код қазақстандықтар саяхатты ұйымдастыратын агенттіктерге алданып қалмауы үшін беріледі. Кодтың құны (бір адамға) – 1061 теңге. “Туристик Қамқор” қоры тек осы кодтарды таратумен айналысатын болады.

Қаңтар айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді

Ел президенті «ҚР 2017-2019 жылға арналған бюджет есебі» туралы заңға қол қойды. Бұл құжат бойынша әлеуметтік төлемдер мен айыппұлдар көлемі есептеледі. Келесі жылы барлық көрсеткіш 7 пайызға өседі. «Президенттік стипендия» деп аталатын зейнетақы мен негізгі зейнатақы көлемі 9 пайызға артады. Зейнатақы көлемін былайша есептеуге болады:

50 000 теңге (2016 жылғы толық зейнетақы мөлшері) – 11 965 теңге (базалық зейнетақының ағымдағы мөлшері) = 38 035 теңге. 38 035 теңге х 1,09 = 41 458 теңге (жаңа зейнетақы көлемі) 41 458 теңге+ 12 802 (жаңа зейнетақы көлемі) = 54 260 (2017 жылдағы толық зейнатақы көлемі).

Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Келесі жылы жеңіл көлік құны бірден 15 %-ға қымбаттайды. Отандық автокөлік өндірісі соңғы 11 айда 61,5 млрд теңгенің темір тұлпарын шығарған. Елімізде электромобильдерге сұраныс аз.  Отандық автокөлік өндірісі соңғы 11 айда 61,5 млрд теңгенің темір тұлпарын шығарған. Бұл дегеніміз 10 мың 125 автокөлік. Нәтижесінде, отандық жеңіл көліктерге деген сұраныс төмендеп, жүк теникаларына деген сұраныс артқан.

Жалпы, өткен жылдың мамыр айынан бастап автокөліктерге жасалған жеңілдік нәтижесінде 87 586 темір тұлпар сатылған. 2016 жылдың 11 айында ресми диллерлер 38,8 мың жеңіл көлік әкелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56 пайызға төмен. Былтыр бұл уақыт аралығында 88,4 мың көлік жеткізіліпті. Елімізде өндірілетін және импортталатын су жаңа темір тұлпарлардың бағасы тікелей қара алтынға байланысты екен. Сондықтан да мұнай құны өзгеріске ұшырамаса автокөлік бағасы да тұрақты болады. Мұнымен қатар, шетелден әкелінген әрбір көлікке ЭВАК құрылғысы қойылады. Шенеуніктер оны қойдыру үшін шамамен 90 мың кететінін айтып отыр. Бұдан өзге 1 қаңтардан бастап барлық көлікке SOS батырмасы қойылатын болады.

Қазақстанда темекі қымбаттайды

2016 жылдың 18 қазанынан бастап, фильтрлі темекінің біреуі кемінде 270 теңге, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 300 теңге болады. Қазақстан билігі “Фильтрлі темекілері минималды баға қою” үкіміне бірнеше өзгеріс енгізді. Дәл осылай 2015 жылы темекінің ең аз бағасы белгіленген-ді. Ол уақытта бір қораптың құны 240 теңге болатын.

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда ішімдік қымбаттайды

Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда ішімдікке деген акциздің ставкісі өсіп келеді. Осыған орай, ішімдіктің бағасының да қымбаттайтыны анық. Жаңа жылдан бастап жарты литр ақ судың ең арзан бағасы 780 теңгені құрайтын болады. “КазАлко” ассоциациасының президенті Әміржан Қалиевтің айтуынша, 2017 жылы акциздің бағасы бірден 45 пайызға көтерілмек. Дәл қазір акциздің құны (0,5 л үшін) – 276 теңге, 2017 жылы ол 400 теңгені құрайтын болады. Ал 2018 жылы 14%-ға, 2019 жылы 12%-ға көбеймек. Бүгінде жарты литр ақ судың ең төмен бағасы (1 л үшін) – 1380 теңге немесе 0,5 литр үшін 690 теңге. Келер жылда ең арзан ақсудың бағасы 1560 теңге болмақ. Мұның барлығы отандық өндірушілер өздерінің тауарын Ресей мен Белоруссияға экспорттауы үшін жасалып отыр.

“Эйр Астана” билеттері келер жылы 10%-ға дейін арзандайды

ҚР ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин “Эйр Астана” әуе компаниясына қатысты шешімге пікір білдіріп, билеттердің бағасының 10%-ға арзандайтынын айтты. Аталған компания осы уақытқа дейін бір уақытта белгілі бір күндердегі сұранысқа сай өте төмен және өте жоғары бағаларды тағайындап отырған.

Қазақстанда ипотека бағасы 5 пайызға дейін арзандамақ

Жұртқа жылдар бойы армандаған баспанасына қол жеткізуге Үкіметтің өзі көмектеспек. Ол коммерциялық тіпті мемлекеттік банктен алынған несиенің 7 пайызын төлеп беруге дайын. Ауқымды іс үшін бюджеттен субсидия ретінде 2 триллион теңге бөлінбекші. Алайда бұл қаржының барлығына бірдей жетпейтіні анық.

Әдетте банк үйді несиеге 20%-дан асатын үстемеге береді. Осылайша халық есебінен қыруар қаржыға кенеледі. Үміт күтіп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы шын мәнінде іске асар болса, ипотека арзандамақ. Яғни, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 17 пайызға дейінгі ипотеканы енді 10 пайызбен алуға болады. Өйткені, қалған 7 пайызын мемлекет бюджеттен субсидия бөліп, банктерге өзі төлейді.

Келесі жылдан бастап ауылдықтар 16 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады 

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі мүмкін. Мемлекет арнайы 27 млрд теңге бөлгелі отыр. Несиенің көлемі 16 млн теңгені құрайды. Несие белгілі бір өнімді өндіргені үшін беріледі. Ал пайыздық үстемесі – 6%. Иесі несиені 7 жылдың ішінде өтеуі тиіс. Әдетті шаруа 3 млн теңгені 5 жылда қайтаратын. Енді оларға осы соманы 7 жыл ішінде қайтару мүмкіндігі беріліп отыр. АӨК-ті дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарлама бойынша шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі де қысқартылады. Яғни көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің көлемі 7,4%-дан 3%-ға дейін төмендейді.

Жыл сайын медициналық сақтандыру қорына аударылатын ақшаның мөлшері көбеймек

Жуырда миллиондаған қазақстандық міндетті түрде медициналық сақтандыруға ақша аударатын болатын. Ал бұл ақшаның барлығына Қаржы және ұлттық экономика министрлігі жауап береді. Жаңа структура 2017 жылдың ортасында қосылмақ. Аталған мәселеге қатысты ұсыныс Парламентке бірнеше рет жіберілген. Осы уақытқа дейін түрлі өзгеріс енгізіліп, бірнеше рет қайта қаралған. Бастапқыда қазақстандықтар сақтандыру қорына жалақысының 2%-ын аударып отырады. Ал 2024 жылға қарай қазақстандықтар жалақысының 7%-ын аталған қорға аударып отырады. Мұндай жүйе 90-жылдардың басында қолға алынған-ды. Ол уақытта қордың басшысы барлық ақшаны жымқырып, шетелге қашып кетті.

Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі пойыз бен әлеуметтік маңызды маршруттардың билеттерінің бағасы қымбаттайды деп күтуде. 2017 жылы әлеуметтік маңызы бар темір жол маршруттарына 2016 жылмен деңгейлеп субсидия бөлінді. Бұл – 22 млрд. 900 млн теңге. Конкурс талабына сай бағаны ең аз көтеретіндер жеңіске жетті. Нәтижесінде алдағы үш жылда әлеуметтік маңызды маршруттардың 20%-ының бағасы көтерілмейді.

2017 жылдан бастап 48 мемлекет Қазақстанға визасыз келе алады

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанға 48 мемлекеттің тұрғындары визасыз режимде қонаққа келе алатын болады. Оларға Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Корея кіреді. Жыл сайын Ресей мен Түркиядан, Италиядан, Германиядан, Нидерланды, АҚШ пен Ұлыбританиядан келетін қонақтардың саны артып келеді. Көрсеткіш 6%-ға өскен. Шетелдіктер көбінесе Бурабай, Алматы, Алакөл, Бұқтырма өлкелерінде демалғанды ұнатады. 10 жыл бұрын Қазақстанда тек 871 қонақ үй болса, бүгінде олардың саны 2441-ге дейін жеткен.

ҰБТ-дан жинайтын ең жоғарғы балл 140 болатын болды

ҰБТ-ның жаңа форматына сай, енді жоғарғы балл 125 емес, 140 болатын болды. Енді талапкерлер тесті екі блок негізінде тапсырып шығады. Алғашқы блокта Б3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен (Математика + Физика, Математика + География, Биология + Химия, Биология + География, Шет тілі + Тарих, оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және Әдебиет + Тарих, География + Шет тілі, Химия + Физика, Тарих + Адам.Қоғам.Заң – осы пәндер арасынан таңдалатын екі пән, шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма беріледі екен. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар бес жауаптың біреуі ғана дұрыс болатын 20 сұрақтан, сондай-ақ бірнеше жауабы дұрыс 10 сұрақтан құралады. Тестілеу әдеттегідей 3 сағат 30 минутқа созылады. Жаңа ережеге сәйкес, 2016-2017 оқу маусымында мектеп бітіретін түлектер ҰБТ-ны 20 маусым-1 шілде аралығында тапсырып шығады.

Қазақстан полицейлері 2017 жылы алатаяқ ұстамайтын болды

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін алатаяқ қолданбайтын болды. Көліктер тек қолдың ишарасымен, ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болды. Мұнымен қатар, автопатрульдеу жүйесі де қолданылады.  Жол жүру ережесін бақылау үшін бейнебақылау камералары мен видеотіркеу орнатылады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда аса ірі жол апаты: “жедел жәрдем” көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

Астрологтар мен нумерологтар 2017 жылда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын хабарлады

2016 жылы шоу-бизнесте болған атышулы 5 оқиға

Орны толмас шығын: 2016 жылы қайтыс болған танымал адамдар

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар