Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орны толмас шығын: 2016 жылы қайтыс болған танымал адамдар

2016 жыл қазақ елі үшін табысты да қуанышты күндерге толы болды. Бір жыл ішінде елімізде елеулі өзгерістер болып, Қазақстанның туы сонау АҚШ төрінде желбіреді. Мұнымен қатар, қайғылы оқиғалар болып, қалың қазақ танымал тұлғаларын жоқтауға мәжбүр болды. Көрші мемлекеттерге көңіл айтты.

гон

Ислам Кәрімов

Ағымдағы жылдың тамыз айында Ресейдегі “Фергана.ру” агенттігі Ислам Кәрімовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты. Аталған бұқаралық ақпарат құралының мәліметі бойынша, өзбек лидерінің өлімі Ташкент уақытымен 15-16 сағат (Астана бойынша 16-17) аралығында орын алған. Жаңалық жұртқа жария болысымен, агенттіктің басы дауға қалды. Себебі, бұл уақытта президенттік өлімі туралы ақпарат ресми расталмаған-ды. Тіпті, оның жағдайының тұрақты екендігі туралы жарыса жазыла бастады. Арада бірнеше күн өткен соң, Өзбекстан президентінің қайтыс болғаны ресми расталды.

castro-fidel-730x539

Фидель Кастро

Фидель Кастро ағымдағы жылдың 25 қараша күні 90 жасында қайтыс болды. Ол ондаған жылдар бойы Куба Республикасын басқарған, Куба революциясының көшбасшысы еді. Ағасының өлімі жайында Куба басшысы Рауль Кастро ұлттық телеарна арқылы үндеу жолдау барысында хабарлады. Ол революция көшбасшысының денесі өз қалауы бойынша кремацияланатынын айтты.

Фидель Кастро 1950-жылдары диктатор Фульхенсио Батиста режіміне қарсы күресті басқарды. 1959 жылы революция жеңіске жеткеннен кейін ол елді басқарды. Мемлекеттік кеңес басшысы, министрлер кеңесі төрағасы және Кубаның коммунистік басқарушы партиясының бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Жұрт оның осы күнге дейін 35 мың әйелі болғандығы туралы ақпарат таратты.

muhammed-ali

Мұхаммед Әли

Есімі аңызға айналған боксшы тыныс алу проблемаларына байланысты АҚШ ауруханаларының біріне жатқызылды. Дәрігерлер бірден оның қалының мүшкіл екенін хабарлады. Артынша туыстары оны Феникс ауруханасының алып кетпек болады. Бұл ойлары жүзеге аспай, Мұхаммед Әли 3 маусым күні қайтыс болады.  Америкалық телекомпанияға спортшының өлімі туралы ақпаратты оның отбасының өкілі растады. Боксшыны жерлеу рәсімі мұсылман шариғатына сай өткізілді.

pratyusha-glavnaya--e1460136460325

Ананди рөлін сомдаған актриса

Қазақ көрерменіне Ананди есімімен таныс Пратюша Банерджи сәуірдің 2-сі күні көз жұмды. Үнді актрисасының өлі денесі өз үйінен табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 24 жастағы Банерджи үйінің шатырында асылып қалған. Әзірге оның өліміне қатысты күдіктілер табылмады.

Жас актрисаны жерлеуге арналған киімді дизайнер Рохит Верма тіккен. Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, өзіне қол жұмсардан біраз бұрын Пратюша Банерджи дәл осы көйлекке тапсырыс берген екен. Hindustan Times мәліметінше, қайтыс болардан біраз бұрын Пратюша Банерджи жігітінің үстінен сотқа арыз түсірмекші болған.

SHakeev-2-2

Еркеш Шәкеевтің ұлы

Танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафардың нақты қашан қайтыс болғаны белгісіз. Себебі, оны алматылықтар бірнеше апта бойы Есентай жағалауының маңынан іздеген болатын. Артынша өлі денесі өзен ішінен табылып, шілденің 29-ы күні Сафар Шәкеевтің туысқандары оны жер қойнына тапсырды. Қаралы хабарды естіген жұрт Қазақконцерт залына жиналды. Қоштасу рәсіміне барша туысқаны мен досы, қазақстандық жұлдыздар мен ұстаздары келді. Рәсім барысында олар Сафар туралы естеліктерін бөлісіп, ата-анасы мен қарындастарына көңіл айтты. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Нағима Есқалиева, Әли Оқапов, Диас Аблаев, Медеу Арынбаев, Ерлан Біләл сынды танымал адамдар болды.

50488342-e46a-4dec-b240-1adf91917274

Болат Сыздықов

Мамырдың 7-сі күні “Мюзикола” тобының солисі Болат Сыздықов дүниеден озды. Қаралы хабар музыкашы тыңдармандарының жүрегін қарып өткен-ді. Оның өліміне тромбтың үзілуі себеп болған екен. Қайғылы оқиға санаулы секунд ішінде болған. Сыздықов жедел жәрдем келіп үлгергенше өмірден өтеді. 60 жылдық мерейтойына небәрі бір жарым ай уақыт қалған болатын.

Болат Сыздықов Алматыдағы Кеңсай қорымына, бір жыл бұрын қайтыс болған Батырхан Шүкеновтың жанына жерленді. Қаралы жиынға келген жұрт артиске арналған соңғы шапалақтарын соғып, ақтық сапарға шығарып салды. Табыт жанында оның өнердегі серігі Карина Абдуллина Сыздықовтың тастамай киетін қара шляпасын кеудесіне басып жүрді. Ал музыканттың 12 жыл бойына қолынан тастамаған гитарасын Ринат Гайсин ұстап жүрді. Ол қайтыс болған соң жұрт білмеген құпияның сыры ашылды. Карина Абдуллина өзге ер азаматтан туған баласын Болат Сыздықовтың атына жаздырған екен.

kairbekova4

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Салидат Қайырбекова ауыр сырқаттан көз жұмды. Бұған дейін ол 23 маусымнан бастап Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында емделіп жатқан-ды. Экс-министрдің қайтыс болғаны туралы алғашқылардың бірі болып Кәрім Мәсімов жазды.

Салидат Қайырбекова ҚР денсаулық сақтау министрі болды, кейіннен ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі етіп тағайындалған болатын. Ал 2015 жылдың қазан айынан бастап Қайырбекова “Ұлттық медициналық холдинг” АҚ басқарды. Қазір “University Medical Center” Корпоративтік қоры басқармасының төрайымы болып жұмыс істеді.

276569

Британиялық әнші Джордж Майкл

Белгілі британиялық әнші Джордж Майкл 54 жасқа келген шағында дүниеден өтті. Әнші Оксфорлдшир графтығында өз үйінде бақилық болған. Оның өлімін жергілікті полиция да растады. Әзірге қазаның нақты себебі айтылған жоқ. Тек белгілісі полиция ешбір күдікті жағдайды байқамаған. 2011 жылы әнші пневмонияның ауыр түріне шалдыққан еді. Жасанды тыныс алу аппаратына жалғанып, дауысын жоғалтып алу қаупі де туындаған болатын. Алайда әнші сол жылы толыққанды аурудан айыққанын хабарлаған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Жаңа Гога Ашкенази: 26 жастағы қазақстандық миллионер қыздың өмірі желі оқырмандарын шошытты (фото)

Қазақстан депутаттары заң талқылаудың орнына бұғылар туралы видео көріп отырған (видео)

Тест. Үстіміздегі жылы бар жаңалықтан құлағдар бола алдыңыз ба?

Қазақстандық Forbes биыл табысты болған отандық жұлдыздардың рейтингін жариялады

Талқылау