Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фидель Кастро көз жұмды

Ондаған жылдар бойы Куба Республикасын басқарған, Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро көз жұмды.

pic_e28974bf1a32c2bfbe30677b89a3f63b

Бұл туралы Prensa Latina ресми кубалық агенттігі хабарлады.

Фидель Кастро 90 жасында 25 қараша күні қайтыс болды.

Ағасының өлімі жайында Куба басшысы Рауль Кастро ұлттық телеарна арқылы үндеу жолдау барысында хабарлады. Ол революция көшбасшысының денесі өз қалауы бойынша кремацияланатынын айтты.

Жерлеу рәсімі туралы алдағы бірнеше сағаттың ішінде хабарланатын болады.

Фидель Кастро 1950-жылдары диктатор Фульхенсио Батиста режіміне қарсы күресті басқарды. 1959 жылы революция жеңіске жеткеннен кейін ол елді басқарды. Мемлекеттік кеңес басшысы, министрлер кеңесі төрағасы және Кубаның коммунистік басқарушы партиясының бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.

2006 жылы Кастро ауыр халде ауруханаға жатқызылып, ұзақ уақыт емделді. 2008 жылдан бастап оның орнын інісі Рауль басты. Айта кетейік, Кастро 13 тамыз күні 90 жасқа толған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде төрт жасар баланың басын кесіп алған күтуші әйел жауапкершіліктен босатылды

Құранды сүйген Беларусия президенті сынның астында қалды

16 жастағы жігіт 17 жастағы қызды зират ішінде зорлап кеткен

Гүлнар Кәрімованың ұлы анасының өліміне байланысты ақпаратқа пікір білдірді

Талқылау