Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі қалай өтті (фото)

Жұма, 29 Шілде , 2016 14:43

Шілденің 29-ы күні Сафар Шәкеевтің туысқандары оны жер қойнына тапсырды. Қаралы хабарды естіген жұрт Қазақконцерт залына жиналды. Қоштасу рәсіміне барша туысқаны мен досы, қазақстандық жұлдыздар мен ұстаздары келді. Рәсім барысында олар Сафар туралы естеліктерін бөлісіп, ата-анасы мен қарындастарына көңіл айтты. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Нағима Есқалиева, Әли Оқапов, Диас Аблаев, Медеу Арынбаев, Ерлан Біләл сынды танымал адамдар болды.

3E0A9232

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Қазақконцерт залында Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтті. Жиналған қауым оның ата-анасы мен бауырларына көңіл айтты. Достары оның жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, әкесі барлық жетістігін айтып берді.

3E0A9054

Қазақконцерт залының кіре берісіне Сафар Шәкеевтің үлкен суреті қойылды. Бүгіннен бастап қазақстандықтар осы суретте белгіленген #берегитедругдруга хэштегі бойынша өздерінің жақын адамдарына деген ізгі тілектерін білдіріп, оларды қалай жақсы көретіндіктерін әлеуметтік желі арқылы жеткізуге уәделесті.

3E0A9098

Сахнаның бір бұрышынды Сафар Шәкеевтің ата-анасы, қарындастары мен бауыры, туысқандары отырды.

3E0A9066

Келушілер алдымен Сафармен қоштасып, мүрдесінің жанына гүл шоқтарын қойды.

3E0A9128

Жақын достары Сафардың суреті салынған арнайы футболкалар киіп келді. Олар да Сафармен оңашада қоштасу мүмкіншілігіне ие болды.

3E0A9147

Композитор мен оның отбасына көңіл айтуға барша өнердегі достары келген. Олардың қатарында Нағима Есқалиева да бар. Әнші қоштасу рәсіміне ұлы Диас Абылаев және жолдасымен бірге келді. Өзінің де денсаулығы сыр беріп жүргені байқалады. Аяғын сылтып басып, баласы мен жолдасына сүйеніп жүрді.

3E0A9139

Танымал адамдар арасында Сәкен Майғазиев те болды. Ол қоштасу рәсімінің соңына дейін отырмай, Сафарды ақтық сапарға тікесінен тік тұрып шығарып салды.

3E0A9117

Дервиши тобының әншілері де композиторге көңіл айтып, қолдан келгендерінен аянып қалмайтынын жеткізді.

3E0A9160

Сафардың ең жақын досы – Ғалымжан. Ол сахнада тұрып көпке дейін көз жасын тоқтата алмады. Артынша өз-өзіне келген соң Сафар екеуінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді.

3E0A9173

“Технодом” компаниясының директоры – Эдуард Ким. Сафармен Америкада жақынырақ араласқан. Сафардың оқуын бітіріп Алматыға келгенін білген соң өз компаниясына жұмысқа шақырған екен.

3E0A9181

Азиядағы каратэ федерациясының өкілі – Жасталап Санаұлы. Сафарды алты жасынан бастап спорттық жарыстарға дайындаған.

3E0A9211

Еркеш Шәкеев қоштасу рәсімі кезінде бірде-бір рет көзіне жас алмады. Ол өмірдің сынағын қасқайып тұрып қарсы алатынын, өзін ешнәрсе де сындыра алмайтынын жеткізді.

3E0A9126

Келгендердің арасында шенділер де болды. Олар өз кезегінде билік өкілдері атынан көңіл айтты.

3E0A9232

Рәсімнен кейін имам әкесінен баласының бұл өмірдегі қарызы туралы сұрады. Сафардың басында жабылмаған бір несиесі бар екен. Еркеш Шәкеев сол несиені өзі өтеуге уәде етті.

3E0A9241

Жиналған қауым қатар тұрып намаз оқыды. Артынша Кеңсайға қарай бет алды. Сафарды сол жерге жерлемек.

3E0A9246

Медеу Арынбаев пен Әли Оқапов та Сафардың туыстарына қолдау білдіруге тырысты.

3E0A9041

Әрбір келушінің қолына дәл осындай таңғыш байланды.

3E0A9047

Сафардың достары оның суреті салынған арнайы футболкалар киіп жүрді.

Сафар Шәкеев

Футболкалардың артында “Біз, Сен, Сафар, махаббат” деген жазулар болды.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.


Жіберіп алмаңыздар:

Еркеш Шәкеев ұлы туралы айтып, жұртты бір-бірлерін бағалауға шақырды

Батырхан Шүкенов Сафар Шәкеевтің кіндік әкесі болған

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Марқұмның жаны жəннəтта болсын

  • РАЯНА Камбар жибер says:

    Жаны жəннəтə болсын амин

  • Анонимно says:

    Ия Алла отбасына сабыр иманды болсын

  • Анонимно says:

    Аллам алдынан жарылкасын.

  • Анонимно says:

    Қайғыңызга ортакпыз. Еш кимнин басына салмасын мундай қайғыны

  • Жұмбақ жан says:

    Еркеш нагыз азамат екен бир иыгымен алтын баласын актык сапарга шыгарып салды аллах тагалам сизге от басынызга куш куат берсин!Сафаржан иманды болсын!елин халкын сизген бирге !

    • Анонимно says:

      Иманды болсын.жаны жанатта болсын.
      Неге не ушин қайтыс болды екен.
      Бреудин исими әлде жазатайым ба.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар